Мұз және жалын. Алматы.

Мұз және жалын. Алматы.

Қалалар

Алматы – классикалық "контрастар қаласы".

Алматы – классикалық "контрастар қаласы". Өз табиғатынан. Өйткені, ол екі диаметралды географиялық стихияның шектескен жерінде орналасқан. Жер бетіндегі ұлы таулы өлке еш жерде төмендей осы жерден Гималай шыңдарына дейін созылып, бір жағынан Үнді-Ганг ойпатына тіреледі. Екінші жағынан Ұлы Даланың жазықтары Батыс Сібір ойпаты арқылы Мұзды мұхитқа дейін жалғасады. Сонымен қатар, мұнда «Алматы қырында» тропикалық жылу мен арктикалық суық жақын орналасқан. Жаз мезгілінде қала мегаполисінің көшелерінен, бір уақытта, ыстық шөл мен ерімейтін мұздықтарды көруге болады.

Табиғат өсиет еткен!

Бұл «шекараның» карта бойынша мүлдем сызылмаған маңызды. Керісінше, мұздықпен көмкерілгенІле Алатауы қала үстінен төрт шақырым биіктікке жоғары көтеріледі. Бұл – жалпы алғанда, Жердегі сирек кездесетін құбылыс. Әдетте, биік таулар шыңдары мен жазықтар тау етегінің ұзын белдеуімен бөлінгені соншама, тау етектерден биік альпі шыңдарын қарау тек қиын ғана емес – тіпті, мүмкін емес.

Айтпақшы, Тянь-Шанның солтүстік жотасына Іле атауын осы алғаш рет 1856 жылы «ғылыми барлау» кезінде оны тұңғыш байқаған Петр Семёнов (сол кездері ол әліТянь-Шанский болған жоқ) берген болатын:

«29 тамызда … порфир жотасын кесіп өткенде ... алғаш рет тұман тұңғиығында мәңгілік қармен жарқыраған Іле Алатауын көрдім».

Сол кездегі Ресей империясының ең шетінде құрылған Верныйдың (қазіргі Алматы) географиялық бірегейлігін алғаш таныған Семенов болды.

«Еуразияның ешбір жерінде, мен, мұндай биік тауларды соншалықты жақыннан көре алмадым, өйткені Швейцария Альпісінде, Кавказда, Түркістанда және, тіпті, Тянь-Шаньдегі қарлы жоталар тек үлкен абсолютті биіктіктерде көрінеді және еш жерде де Іле Алатауының жотасы сияқты 4000-4500 метр биіктікке жетпейді»

Ресей географиясының атасының айтқандары қымбат тұрады!

Көзге түсетін география

Бірақ, Алматы географиясы тек ойша емес – көзге де көрінеді! Егер ауа райының айқын және ашық күні (ең дұрысы түнгі жаңбырдан кейін) қаланың жоғарғы бөлігіне (Сәтпаев даңғылының деңгейіне) көтеріліп, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан көшенің қиылысына тұрып қарасаңыз, онда алдыңыздан Жердің басқа бір жерлерінде мүмкін емес таңқаларлық көрініс шыға келеді. Солтүстікте, қаланың сыртына алысқа көз жүгіртсеңіз, көкжиекпен астасып жатқан шексіз жазықты көресіз. Ал оңтүстікке қарасаңыз, Іле Алатауының көркіне көз тоймайтын биік шыңдары алдыңыздан шығады.

Бірақ, әрі-бері ұшқалақтанбайық. Шығыс әбігерді ұнатпайды. Алдымен - солтүстік. Алматы орамдары мен қала маңының жасыл белдеуінің ар жағында көрініп тұрған сары массив не екен? Ал, бұл – шығыстан құрғақ Қараой жонымен көмкеріліп жатқан нағыз құмды шөл Мойынқұм. Мойынқұм құмдары Қаскелең өзенінің ар жағынан жіңішке жолақпен тартылып, Қапшағай су қоймасына тіреледі. Қаланың орталығынан осы шөлге дейінгі арақашықтық 25 шақырымға жуық.

Мойынқұмның қаталдығына сенбейтін адам бекер күмәнданады. Мұнда шөл далада болуы керектің барлығы бар (мүмкін, түйе керуендерінен басқа). Құм төбелер, сексеуіл бұталары, шыдатпас ыстық, құмды дауыл, тасбақалар, жыландар мен жындар!

Ал енді 180 градусқа – тауларға бұрылайық. Күннің жарқыраған сәулесімен таулардың шыңдарында жарқырап тұрған не болар екен? Бұл - Кіші Алматы және Талғар өзендерінің жоғарғы жағындағы мұздықтар!

Қалыңдығы жүздеген метр және ұзындығы шақырымдарға созылатын мұздықтар бұлттың астындағы алқаптарды жауып тұрып, альпі шыңдарынан төмен салбырап тұрады. Және оларда, бұл арктикалық агенттердің танымал, әдемі және қауіпті болуының бәрі бар: түпсіз жарықтар, мұз саңылауларына түсіп жатқан су ағындары, мұздықтар. Бұл мұздақтарға дейін де 25 шақырым.

Бізде мұз бен жалынды бар болғаны 50 шақырым ғана бөліп тұр. Және олардың арасындағы кеңістіктің көп бөлігін қаланың көшелері мен үйлері алып жатыр.

Ал жылдам жүретін етіктерді үйде қалдыруға болады

Осылайша, біздің қаламызда жер табиғаттының өмір сүру принциптерінің керемет өзгеріп тұрады. «Ендік аймақтану», «жоғары белдеулікпен» орын ауысып отырады. Егер жол солтүстік бағытқа шөл белдеуінен бастап Арктиканың мәңгі мұздықтарына дейін бірнеше мың шақырымға созылса (далалық, орман, тайга, тундра), оңтүстікке қарай сол жол (соның бәрінен) тікелей жету қашықтығына дейін қысылды!

Осы жерден бастап, Жер бетінде еш жерде табылмайтын, Алматының бірегей рекреациялық ерекшеліктері пайда болады. Тек бізде ғана, бірнеше сағат ішінде, кез келген адам ыстық шөл аймағы мен суық арктикалық аймақ арасындағы барлық нәрсені көре алады. Барлық жолды ...қоғамдық көлікпен жүріп өтіп!

Метрополистің өте тиімді орналасуы таулы спорт түрлерінің, туризмнің және әртүрлі сыртқы белсенді демалыстың дамуына бірегей мүмкіндіктер береді. Қала шетіндегі көптеген «төрт мыңдықтарға», мысалы, біздің альпинистер бір күнде қарапайым жексенбілік серуенде жүргендей жүріп өтеді. Алматыда «демалыс күнінің альпинизмі» сияқты эндемикалық спорт түрі бар.

Яғни, теориялық тұрғыдан алатын болсақ, Қапшағай казиносының (Мойынқұм құмының шетіндегі спутник-қала) кез келген айбынды қонағы, түнгі құмар ойыннан кейін, таңертең ерте тауға қарай жолға шыға алады және түстен кейін («бірмен» немесе «екімен») Абай шыңының басына (4010 м) көтеріліп үлгереді. Ал кешке қарай, қалаға келіп, мегаполистің көптеген атаулы мейрамханаларының бірінде тамақтана алады.

Мұның керемет екеніне келісіңіз! Табиғат бізге мұндай мүмкіндік беріп тұр! Неге пайдаланбасқа?

Сурет:

1. Алматыға жақын орналасқан Богданович мұздығындағы көл.

2. Мойынқұм шөліндегі барқандар.

3. Қарлы таулар аясындағы өрік ағашының гүлденуі – Алматы көрінісі.

4. Көктөбе тау төбешігінен қарағандағы қала көрінісі.

5. Альпі шыңдары Алматыда кез келген жерден көрінеді.

Similar publications