yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Қазақстанда байланыс технологиясы

Мобильді байланыс операторлары

Қазақстанның негізгі қалалары мен ауылдарының көбі ұялы байланыспен қамтылған. Қазақстанда ұялы байланыс операторларының негізгілері:  Kcell, Beeline, Tele2, Алтел4G. Егер де қалалар мен ірі елді мекендерге сапарға шықсаңыз, қай операторды қолдансаңыз да, айырма жоқ. Алайда, елдің алыс мекендеріне жолға шықсаңыз, шексіз далалы жерлермен үлкен қашықтықтарды жүріп өту қажет болса, онда ірі операторлардың – Kcell немесе Beeline SIM-карталарын алған дұрыс. Олардың желілері тіпті елсіз аумақтарда да таралуы мүмкін. 

Жоғарыда айтылған кез келген оператор SIM-картасынан халықаралық және қалааралық байланыстар бойынша қоңыраулар жасауға болады, Wi-Fi, сымсыз технологиялардың негізінде ғаламторға қосылуға болады. Оған қоса Digital амал-шарттардың үлкен саны ұсынылады: мобильді қаражаттар, мультимедиалық қызмет көрсетулер, конвергенттік қызметтер және де M2M-, MDM-, E2E-шешімдері. 

Әдетте, SIM-картаның өзі аса қымбат емес, және бағасына біраз бірліктер кіреді. SIM-картаны қосқан соң, өзіңізге қажетті тарифке өте аласыз. Тарифтердің түрлері көп, олар жайындағы ақпаратты SIM-карта сататын нүктелерде алуға болады. және дәл сол жерлерде өзіңізге қажетті тарифті қостырып алуға, бір опциялардан басқаларына өтуге көмектеседі.   

SIM-карталарды жол бойындағы шағын дүкендерден де сатып ала аласыз. Бірақ та, ірі сату нүктелерінде, сауда орталықтарында, халықаралық әуежайларда, вокзалдарда таңдауға болатын нұсқалардың саны көп болады, және де ағылшын тілінде сөйлейтін сатушылары туристерге максималды түрде көмек көрсете алады.  

Нөмірлерді тіркеуге/абонементпен шарт жасауға арналған қажетті құжаттар тізімі төменде көрсетілген. 

Жеке тұлға – ҚР резиденті төменде аталған  жеке басын куәландыратын құжаттардың бірін көрсетеді:  

      • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
      • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      • шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      • азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі;
      • туу туралы куәлігі.

      Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті емес болса:

          •  төлқұжат.