yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Солтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері

Кезінде үш жүздің басын қосып, заманының шиеленіскен түйіндерін шеше білген парасатты қайраткер – Абылай ханның ордасы осы өңірде бой көтеріп, бүгінде елеулі ескерткіш ретінде ұлы ханның даңқты бейнесін танытуда!
Уақыт белдеуі

Уақыт белдеуі

GMT +5

Аймақ ортасы

Аймақ ортасы

Петропавл

Туристік нысандар

Туристік нысандар

5

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысындағы туристерді қызықтыратын негізгі орындардың бірі – Имантау және Шалқар көлдері. Күн ыстықта көлге шомылып, қарағай орманында серуендеуге, немесе аң мен балық аулап уақыт өткізуге болады. Сондай-ақ мұнда облыстың тарихымен бүгінін нақты сипаттайтын көптеген мұражайлар мен мәдени орталықтар шоғырланған.

Солтүстік Қазақстан облысының көрікті демалыс орындары

  • Қазақтың ұлы патшасы Абылай ханның ордасы – Солтүстік Қазақстан облысына саяхаттаған әр адам баруы міндетті мұражай.
  • Көрікті көлдері бар, қылқан жапырақты ормандар мен гранитті ұсақ шоқылармен қоршалған Имантау-Шалқар курорттық аймағы.
  • Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені.
  • Бектеңіз археологиялық ескерткіші, әшекейлер мен тұрмыс заттары табылған 10 қорғаннан құралған.
  • Жұздызды аспанды күндіз де көруге болатын астрофизикалық обсерватория.

Солтүстік Қазақстанға саяхатыңызды мамыр айынан бастауыңызға болады – ауа-райы қатты ыстық та, суық та емес, яғни треккинг үшін, табиғатта демалу және тарихи объектлерге бару үшін таптырмайтын уақыт. Жазы – жылы, температура көрсеткіші 25-30 градустан аспайды. Ал қыстыгүні жыл он екі ай жұмыс істейтін сауықтыру кешендеріне баруға болады!

Бұл аймақта қандай қызықты шығармашылық бар?