yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Розеткалар

Розетка түрлері Қазақстанда

Қазіргі кезде адам өз өмірін және саяхатын электр құрылғыларынсыз елестете алмайды. Басқа елге сапарға шыққан кезде, гаджеттеріңізді қуаттандыру мәселесіне тап болуыңыз мүмкін. Электр желілері және қабылданған электр стандарттары жайында білу саяхатшыларға пайдалы болары сөзсіз.  

Сонымен, дүниежүзінде кернеу мен жиіліктің екі түрлі стандарты кең таралған. Біріншісі - американдық 100-127 Вольт/60 Герц, айырлар типі - А және В. Басқа стандарт - еуропалық 220-240 Вольт/ 50 Герц, С - М типті айырлар.  

Қазақстанда кернеуі 220 Вольт 50 Герц еуропалық стандартты (C, E, F типті) розеткалар қолданылады. Демек, Еуропадан келген туристердердің көбінде (Ұлыбританиядан басқа), сондай-ақ, еуропалық стандартты розеткалар қолданылатын елдерде, мысалы, Үндістаннан, Түркиядан, Тунистен келген қонақтарда да, электр желісіне қосылуға байланысты қиыншылықтар болмайды. Ал, мысалы, американдықтарға, жапондарға, Қазақстанға бара жатқанда, жалғастырғыш тетіктер немесе адаптерлер алған дұрыс. Бірақ туристер саяхатқа дайындалудың әбігерімен бұл туралы ұмытып кетсе де, ештеңе етпес. Себебі, Қазақстанның ірі қалаларының әуежайларында қонақтардың ыңғайлылығы үшін шетелдік стандарттағы жалғастырғыш тетіктердің алуан түрлерімен қамтылған арнайы зарядтау орындары бар, ал кейінірек, олар барған қалалардың дүкендерінен қажетті адаптер түрін сатып алуға мүмкіндігі болады.