Ауа райы
Қазақстандағы ауа райы
Қазақстанның табиғаты мен ауа-райының әртүрлілігіне елдің мұхиттардан алыс орналасуы тікелей ықпал етеді. Қазақстанның ауа-райы шұғыл континенталды, орташа ауа температурасы қаңтар айында -4°С пен -19°С арасында, ал шілдеде +19° және +26°С арасында. Қыс мезгіліндегі температура кейде -45°С дейін күрт төмендесе, жаз айларында +30°С дейін көтеріледі. Елдің аумағында барлық 4 жыл мезгілін: аязды қыс та, гүлдеген көктем, ыстық жаз бен алтын күз жарқын көрініс табады.

Суық қыс
Қыс қарашадан басталып, сәуір айына дейін созылады. Арктикалық ауа массасының әсері қатты аязға (-45-ге дейін) әкеліп соғуы мүмкін.


Қысқа көктем
Көктем сәуірдің ортасынан мамыр аяғына дейін созылады. Көктемде ауа-райы өзгермелі: ашық, жылы күні кенеттен суық түсіп кетуі мүмкін.


Ыстық жаз
Құрғақ ыстық жаз мамыр аяғында басталып, қыркүйек ортасына дейін болады. Температура +35...+40 ºC дейін көтеріледі.


Жылы күз
Ауа-райы жағдайлары күрт өзгеріп, түнде аяз түсетін күз мезгілі, қыркүйектің соңынан қараша айының басына дейін созылады.

Қазақстанда ең жоғарғы ауа температурасы +49°С Түркістан қаласында және ең төменгі температура -57°С Атбасар қаласында (Ақмола облысы) тіркелген. Атап өту керек, Нұр-Сұлтан қаласы Ұлан Батыр және Рейкьявик қалаларынан кейінгі ең суық астаналардың бірі болып табылады. Дегенмен, астанамыздың аталмыш суық ауа-райы келуші қонақтарымыздың ыстық құшақ жая қарсы алуымызға еш кедергі келтірмейді