- Бөлісу
Алматы – бір күн ішінде саяхатап үлгеру керек болса да, тамашалауға тұрарлық қала.
САЯХАТТЫ ӘУЕЛІ ТАУДАҒЫ ТАҢҒЫ АСТАН БАСТАҢЫЗ
Ол үшін «Медеу» биік таулы спорт кешеніне жету керек.
«Медеу-Шымбұлақ» гондолды жолы өз жұмысын сағат 10: 00-де бастайды. Билет сатып алып, 2 200 метр биіктікке көтеріліңіз, өзіңізге ұнайтын кез келген кафені немесе кофехананы таңдап, тауға және қалаға көрініс ашылатын жерде таңғы асыңызды ішіңіз.
Шымбұлақтан жаяу түсу шамамен 30-40 минутты алады. Толық жүрек жаттығуларына қоса бонус ретінде сіз таулардың аясында керемет фотосуретке түсуге мүмкіндік аласыз.
ТҮСКІ АСТЫ ЖОСПАРЛАҢЫЗ
Алматы тауларын көруге деген тілегіңіз орындалып, көңіліңіз толған соң Көк базарға аттаныңыз. Жо-жоқ, қажеттілік болмаса, ештеңе сатып алуға үндемейміз.
Бұл нағыз экскурсия болмақ!
Әңгіме мынада, базар ғимаратының өзі өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында салынған Алматының кеңестік модернизм сәулетінің бейресми ескерткішіне айналды. Ле Корбюзьеге меңзегенімізді байқағандар қошеметімізге лайық.
ҚАЛАҒА ОРАЛЫҢЫЗ
Көк базарда түстенудің екі нұсқасын ұсынамыз.
Біріншісі: азық-түлік қатарларын бойлай жүріп, қақталған жылқы еті мен қымыздан бастап корей салаттарына, өзбек науты мен ұйғыр лағманына дейін бәрінің дәмін татып көру.
Екіншісі: жергілікті кафелердің бірінен базар ғимаратының екінші қабатына көтерілу.
ТҮЗУ ЖҮРІҢІЗ
...тау жақты бетке алыңыз. Немесе, алматылықтар айтатындай, «өрге» қарай адымдаңыз. 28 панфиловшы атындағы саябақ арқылы өтіп, әлемдегі ағаштан тұрғызылған ең биік шіркеулердің бірі — Вознесенский соборының сәулетін тамашалауды ұмытпаңыз.
КАРТАДАН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫН ТАБЫҢЫЗ
Алматыда бұл Панфилов көшесі. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына қарай жүріңіз. Айналаны шолып жүріп, Верный мен Алматы дәуіріндегі қала туралы естеліктер мекені - «ескі орталыққа» кезіккеніңізді байқайсыз.
Ғимараттардың қасбеттеріне жиі назар аударыңыз. Мұнда ХХ ғасырдың ортасындағы нақыштар сақталған. Олардың кейбіреулері – нағыз өнер туындылары.
МҰРАЖАЙҒА БАРЫП ҚАЙТЫҢЫЗ
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы – еліміздегі ең ірі өнер мұражайы, бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы. Бұл must visit барлық визуалдарға арналған.
ҰЛТТЫҚ СТИЛЬДЕ КЕШКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ
Ол асығыс емес және жайлы болсын. Алматыдағы қазақ тағамдары мейрамханаларының бірінде. Ет, қуырдақ, бауырсақ сияқты ең дәмді тағамдардан дәм татып, қымыз бен тары қатылған шай ішіп үлгеріңіз.
ТҮНГІ ҚАЛАНЫ ТАМАШАЛАҢЫЗ
Бұл керемет көріністі бір бокал сүйікті коктейліңізді қолыңызға алып, 26-қабаттың биіктігінен қызықтай аласыз.
Ол үшін аты аңызға айналған «Қазақстан» қонақ үйінде орналасқан BarFly-ға барыңыз. Алматыда өткізген бір күніңіздің бұдан ғажап аяқталғанын елестету мүмкін емес.