yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ақмола облысының көрікті жерлері

Саф ауа, айдыны айнадай көлдер, ну орман, тасын түртсе тарихы сайрайтын тылсым таулар. Аталғанның барлығы Сарыарқадағы әсем шұрат –Бурабай мен Зерендінің иелігіне шоғырланған. Мұндағы денсаулықты нығайтар мекемелердің де саны көп
Уақыт белдеуі

Уақыт белдеуі

GMT +5

Аймақ ортасы

Аймақ ортасы

Көкшетау

Туристік нысандар

Туристік нысандар

41

Ақмола облысы

Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласын жан-жағынан таң қаларлық табиғат қоршап жатыр. Қаладан небәрі 60-70 шақырым жерде таулар мен шыршалы ормандарға, керемет көркем таулы көлдің жағасына жетесіз. Дәл осы облыста Зеренді мен Бурабай курорттары орналасқан, бұл жерлерде демалып қана қоймай, шипажайларында денсаулықты да жақсартуға болады.

Саяхатты неден бастаған жөн?

Ақмола облысының көрікті жерлері:

  • «Бурабай» ұлттық саябағы. Оның аумағында таулар және мәңгі жасыл орман қоршаған 14 көл бар, олардың ішінде әйгілісі Әулиекөл (Бурабай), Шортанды, Үлкен және Кіші Шабақты көлдері. Бұл жерде Абылай хан алаңы және хан тағы да орналасқан.
  • «Көкшетау» ұлттық саябағы. Флора мен фаунаға бай, аласа жартасты, ақ қайыңды шоқылармен және қарағайлы орманмен көмкерілген, көптеген айырықша көркем су қоймалары, мысалы, тектоникалық текті алып көл – Зеренді көлі бар өте үлкен саябақ;
  • «Бұйратау» ұлттық саябағы. Бұл жерде табиғат аясында жабайы маралдарды кездестіруге болады.
  • Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұрасына енгізілген Қорғалжын қорығы. Көктем мен күз айлары орнитологиялық экскурсияға барсаңыз, қызғылт қоқиқаздың үлкен шоғырын көре аласыз.

Тарихқа тереңдей түсу

Туристерді бұл аймаққа еліктіретін тек табиғат емес. Ақмола облысында өлкенің көне тарихын сипаттайтын көптеген мұражайлар мен сәулет ескерткіштері бар.

  • Саяси құғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені. Сталиндік құғын-сүргін жылдары шамамен 20 мың әйел осы лагерден өтті, ал 8000-ға жуығы – өз мерзімдерін толығымен осы жерде өткізді. Негізінен олар – танымал мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің жұбайлары еді.
  • Ботай мәдениеті мұражайы – энеолит дәуірінің ботай мәдениетіне арналған этнография және археология мұражайы. Дәл осы дәуірде Қазақстан аумағында алғаш рет жылқылар қолға үйретілген болатын.
  • Сондай-ақ, Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайы, І.Есенберлиннің әдеби мұражайы, Кеңес Одағының Қаһарманы Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы және тағы басқалары.

Мамыр айынан қазан айына дейін бұл облыста ауа-райы өте керемет, орташа +25 градус болады. Бұл – тауға шығу, жазда жағажайда демалу, күзде саңырауқұлақтар мен жидектер жинау уақыты. Қыс түскенде, ауа райы -30-ға дейін суыса да, қарлы саяхатты ұнататындардың сүйікті кезеңі келеді: бұл кезде мұз астынан балық аулау, коньки, шаңғы және сноуборд тебу және басқа қызықтар мол. Ақмола облысы өз қонақтарына жыл он екі ай бойы белсенді демалыс сыйлауға дайын!

Бұл аймақта қандай қызықты шығармашылық бар?