yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Валюта айналымы

Ақша айырбастау, валюта алмасу курстары

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге (KZT).

Қазақстанда заттарды сатып алу және қызметтерді пайдалану үшін ресми түрде тек теңгемен төлеу рұқсат етілген. Сондықтан, шет елден келген туристер ақшасын алдын ала айырбастап алғаны дұрыс болады. ресейлік рубль, АҚШ доллары, евро және де басқа негізгі валюта түрлерін банктерде және ресми айырбастау орындарында айырбастауға болады.

Ірі қалаларда айырбастау пункттері тәулік бойы әрекет етеді, сонымен қатар, банкоматтар саны да әжептәуір көп. Банк картасымен (Visa, Master Card, Euro Card) төлеу мүмкіндігі сауда орталықтарының және қонақ үйлердің көбінде бар. Алайда қала сыртына сапарға шыққыңыз келсе, онда қолма-қол ақшаңыздың болғаны дұрыс. 

Ақшалай қаражаттарды шеттен әкелу немесе шығару Кеден одағы мемлекеттерінің арасында (Азербайджан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) ешбір шектеусіз және кедендік декларациясыз жүзеге асырылады. Басқа елдерден 10000 АҚШ долларынан асатын сомманы әкелу немесе шығару жағдайында кедендік декларация толтыру қажет.

Кеден одағының кедендік аумағына кірмейтін аумаққа немесе аумақтан он мың АҚШ доллар сомасынан асатын ақшалай қаражатты әкелу немесе шығару кезінде оны кедендік декларацияға енгізу қажет. 

10 000 KZT ≈

19.16 USD

18.39 EUR

139.88 CNY

1980.20 RUB

671.14 TRY