yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Шығармалар

Neo Nomad Visa: Цифрлық көшпенділерге виза алу жөніндегі нұсқаулық

  • Қалалар
  • Шаралар

Neo Nomad Visa Цифрлық көшпенділерге виза алу жөніндегі нұсқаулық

2024 жылғы 18 қарашадан бастап Қазақстанда цифрлық көшпенділер үшін визаның жаңа түрі — Neo Nomad Visa енгізіледі. Виза қашықтан жұмыс істейтін және еңбек қызметін саяхатпен біріктіретін шетелдік азаматтарға арналған.

Бұл нұсқаулықта виза алудың негізгі талаптары және оны рәсімдеу тәртібі көрсетілген.

1.  Визаның сипаттамасы:

Атауы: Neo Nomad Visa 

Виза санаты: 12-1

Виза еселігі: Көпеселі

Жарамдылықмерзімі: 1 жылға дейін 

Жалпы болу мерзімі: 1 жылға дейін 

Кімбереді: Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері 

Ұзарту: Виза ҚР ІІМ - не берілген өтініш берушінің өтініші негізінде  1 жылға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Кімгеберіледі: Шетелдік көздерден тұрақты табыспен қашықтан жұмыс істейтін барлық елдердің азаматтарына.

Отбасы мүшелеріне және негізгі виза алушының асырауындағы адамдарға виза негізгі алушының визасының қолданылу мерзіміне беріледі.

 

2. Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

Виза алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. 3000 доллардан асатын тұрақты айлық кірісті растайтын соңғы  6 айдағы банктік үзінді көшірме

2. Азаматтығы бар елдің құзыретті органы берген салық декларациясы.

3. Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы немесе тұрақты тұрғылықты жері берген соттылығының жоқтығын растайтын құжат.

4. Визаның бүкіл мерзімін қамтитын медициналық сақтандыру.

5. Шақыру (1-қосымшаға сәйкес экономикалық дамыған, саяси және көші-қон тұрақты мемлекеттер тізіміне енгізілген 48 елдің азаматтары үшін талап етілмейді).

 

3. Виза рәсімі:

1. Барлық қажетті құжаттарды жинау.

2. Өтініш беру үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жүгіну.

3. Шетелдік мекеменің уәкілетті қызметкерлері сіздің құжаттарыңызды қарайды.

4. Оң шешім қабылданған жағдайда виза беріледі.

Визаны ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.

 

4. Маңызды ақпарат:

Бұл виза бойынша Қазақстанда жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Егер сіз NeoNomad Visa алу талаптарына сай болсаңыз, Сіз Қазақстан Республикасының жақын жердегі шетелдік мекемесіне өтініш бере аласыз.

Қосымша 1

Азаматтары «В12-1» санатындағы визаларды ресімдеу кезінде шақыру ұсыну қажеттілігінен босатылған экономикалық дамыған, саяси және көші-қон тұрақты мемлекеттер тізімі

1. Австралия

2. Австрия Республикасы

3. Америка Құрама Штаттары

4. Бельгия Корольдігі

5. Біріккен Араб Әмірліктері 

6. Болгария Республикасы

7. Бразилия Федеративтік Республикасы

8. Германия Федеративтік Республикасы 

9. Грек Республикасы

10. Дания Корольдігі

11. Жаңа Зеландия

12. Жапония

13. Израиль Мемлекеті

14. Иордания Хашимит Патшалығы

15. Ирландия Республикасы

16.Исландия Республикасы

17. Испания Корольдігі

18. Италия Республикасы 

19. Канада

20. Катар Мемлекеті

21. Кипр Республикасы

22. Корея Республикасы

23. Латвия Республикасы 

24. Литва Республикасы

25. Лихтенштейн Княздігі

26. Люксембург Ұлы Герцогтігі 

27. Венгрия Республикасы

28. Малайзия Федерациясы

29. Мальта Республикасы

30. Монако Княздігі 

31. Нидерланды Корольдігі 

32. Норвегия Корольдігі

33. Оман Сұлтандығы 

34. Польша Республикасы 

35. Португалия Республикасы

36. Румыния

37. Сауд Арабиясы Корольдігі

38. Сингапур Республикасы

39. Словакия Республикасы

40. Словения Республикасы 

41. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

42. Финляндия Республикасы

43. Франция Республикасы

44. Хорватия Республикасы

45. Чехия

46. Швейцария Конфедерациясы 

47. Швеция Корольдігі

48. Эстония Республикасы