- Бөлісу
09:00
Астана қаласындағы шар пішінді Нұр Әлем мұражайы
және ЭКСПО мұрасының басқа да объектілері
«Нұр Әлем» шары шын мәнінде
ЭКСПО объектілерінің ішіндегі ең ерекше құрылысқа айналды.
Бұл жерде 2017 жылы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілді. Ғимараттың 8 қабатында Болашақ мұражайы жұмыс істейді, онда Сіз болашақтың энергиясын сезініп, энергетика, экология және «жасыл экономикаға» көшу туралы көбірек мәлімет ала аласыз.
12:00
«Мәңгілік Ел» салтанат аркасы
«Мәңгілік ел» салтанат аркасы-Астана қаласының
көрнекі жерлерінің бірі.
3 км жүріп өтсеңіз болғаны, алдыңыздан сәулеті мен сәні жарасқан Салтанат аркасы шығады. Ол елорда тұрғындары мен бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Бұл арканың айқын сипаты – ең биік төбесіне шығып, қаланың көрікті келбетін көру мүмкіндігі.
13:00
Қазақ тағамдары мейрамханасындағы түскі ас
Қалада серуендегеннен кейін Qazaq gourmet
мейрамханасына кіріп, жүрек жалғауға болады.
Бұл дәстүрлі қазақ тағамдары әлеміне саяхат жасап, түрлі тағамдарды, соның ішінде ең дәмді еттен дәм татып көруге болатын ғажайып орындардың бірі
15:00
Abu Dhabi Plaza СОО
Дәмді түскі астан кейін Орталық Азиядағы ең үлкен СОО - жаңа Abu Dhabi Plaza СОО-ға баруға кеңес береміз. Мұнда сіз тек шопинг жасап қана қоймай, сонымен қатар Сызықтық саябақта серуендей аласыз.
17:00
Ботаникалық бақ
Егер сіз Абу Даби Плазадан ЭКСПО-ға қарай жүрсеңіз, міндетті түрде Ботаникалық баққа жетесіз. Бұл елорданың ең үлкен және ең жас саябағы. Мұнда Еуропадан, Азиядан және Солтүстік Америкадан әкелінген 90 мыңға жуық ағаштар мен бұталар отырғызылған, ал жасыл аймақтар ішіне велосипед және жүгіру жолдары салынған. Саябақтың аумағында жылыжай бар, онда жылдың кез келген мезгілінде әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген тропикалық өсімдіктерді тамашалауға болады.
19:00
«Astana Ballet» театры
Ботаникалық бақтың жанында еліміздегі ең үздік театрлардың бірі - «Астана Балет» театры орналасқан. Репертуарда әйгілі би режиссерлерінің классикалық және заманауи би қойылымдары бар. Осы театрға барып, сіз қазақ мәдениеті туралы көбірек мәлімет ала аласыз, өйткені театр репертуарында тарихи қойылымдар көп.
21:00
«Дөңгелек алаңдағы» кешкі ас
«Дөңгелек алаңдағы» ахуал ерекше, мұнда қаланың ең үздік: қазақ, түрік, жапон, грузин және италия тағамдары кафелері мен мейрамханалары орналасқан. Өзіңізге ұнайтын мейрамхананы таңдасаңыз болғаны!