Тіл
Қазақстандағы тілдер
Еліміздегі мемлекеттік тіл мәртебесі – қазақ тіліне тиесілі. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады.
Жергілікті халықтың 80-90 пайызы орыс тілінде тілдесіп, ойын еркін жеткізе алады. Шығу туризміне мамандандырылған туристік кәсіпорындарда, ірі қалаларда орналасқан қонақ үйлерде, мейрамханалар мен дүкендерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығы дерлік ағылшын тілін меңгерген.
Қазақстанда саяхаттамақ ниетіңіз болса, иелігіңізде қазақша-орысша-ағылшынша тілашар сөздік табылып жатса, артық етпесі анық. Бір жағынан саяхат барысында орнауы мүмкін түсініспеушіліктің алдын алып жатсаңыз, екінші жағынан алыс-жақын шетелден келген қонақтармен аз-маз сұхбаттасып, солайша өзіңіздей туристерге көмегіңіз тиетін болса нұр үстіне нұр болары анық.
Төмендегі кестеде саяхатшылар арасында ең жиі қолданылатын сөздер мен тіркестер топтамасын назарыңызға ұсынамыз. Интернет желісінің дәурендеп тұрған шағында қазақша айтар сөзіңізді қас қағым сәтте әлемнің кез келген тіліне тәржімалап беретін «Google Translate» сияқты онлайн-аудармашылар да жетіп артылады. Кей шалғай аудандарда интернетке шығу қиындық тудыруы мүмкін. Сол себепті, оффлайн түрде жұмыс жасайтын «аудармашы» қосымшаларды және “тілдік пакеттерін” алдын ала жүктеп алуға кеңес береміз.
Қазақстандағы тілдер жайлы қызықты деректер:
- жергілікті халықтың кем дегенде 3 тілді: қазақ, орыс, ағылшын, еркін қолданып, жетік меңгеруі – мемлекеттік деңгейде қолға алынған бастама;
- қазақ тілі – түркі тілдері тобындағы ірі тармақтардың бірі болып табылады;
- 2017 жылы қазақ тілі әліпбиі кирилл қарпінен латын қарпіне ауысуы жөніндегі жарлыққа қол қойылды. Үрдіс кезең-кезеңмен ұйымдастырылып, 2025 жылға дейін толық орындалады деп жоспарланған.
Саяхатшылар арасында ең жиі қолданылатын сөздер мен тіркестер:
Сәлеметсіз
бе? |
Здравствуйте! |
Сәлем |
Привет |
Сау
болыңыз! |
До
свидания! |
Менің
атым ... |
Меня
зовут ... |
Мен
туристпін / Біз туристпіз |
Я турист
/ Мы туристы |
Мен
Ресейден келдім / Біз Ресейден келдік |
Я
приехал (-а) из России / Мы приехали из России |
Рахмет |
Спасибо |
Кешіріңіз |
Извините
(Простите) |
Көмектесіңізші |
Помогите,
пожалуйста |
Ең жақын
дүкен қай жерде? |
Где
ближайший магазин? |
Мен
адасып кеттім |
Я
заблудился (-ась) |
Түсінбеймін |
Не
понимаю |
Бұл қай
жерде? |
Где это
находится? |
Мына
жерге қалай жетуге болады? |
Как
можно дойти (доехать) до этого места? |
Көрсетіп
жіберіңізші |
Покажите,
пожалуйста |
Оңға
бұрылу |
Повернуть
направо |
Солға
бұрылу |
Повернуть
налево |
Алға /
Тіке / Тура |
Вперед |
Артқа |
Назад |
Бұл
жерде интернет бар ма? |
Здесь
есть интернет? |
Интернетке
қалай қосылуға болады? |
Как
можно подключиться к интернету? |
Телефон
соғуға бола ма? |
Можно
позвонить по телефону? |
Телефоным
отырып қалды |
На моем
телефоне села зарядка |
Көлігіміз
сынып қалды |
Наша
машина сломалась |
Қанша
тұрады? |
Сколько
это стоит? |
Такси
қайдан табуға болады? |
Где
можно найти такси? |