Қазақстан Республикасы – мемлекет аумағының ауданы бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орынғаие. 2 724902 шаршы километр!Солтүстік және батыста Ресеймен (шекара ұзындығы – 7548,1 км), шығыста –Қытаймен (1782,8 км), оңтүстікте – Қырғызстанмен (1241,6 км), Өзбекстанмен (2351,4 км) және Түрікменстанмен (426 км) шекаралас.Мұхитқа тікелей шыға алмайтын ең ірі мемлекет болып саналады. Батыста Каспийтеңізімен, оңтүстік-батыста Арал теңізімен шайылады.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша мемлекет 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаларға бөлінеді: Астана, Алматы және Шымкент. Сонымен қатар, ерекше маңыздылыққа ие, 2050 жылға дейін Ресеймен жалғаалынған Байқоңыр қаласы орналасқан. Қала жанында аттас ғарыш айлағы жайғасқан,оған қоса, ол туристердің сапарларына қолжетімді.
Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас унитарлы мемлекет.Конституцияға сәйкес, ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы еңқымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтікмемлекет ретінде орнықтырады.
Мемлекет басшысы Президент – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдаржүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды. Заң шығаруқызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан жәнеМәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Ол елдің солтүстікаумағында, Есіл өзенінің бойында шоғырланған. Есілдің сол жақ жағалауында қаласимволы – биіктігі 97 метр, заманауи момумент "Бәйтерек" көкке ұмтылып тұр.Мұнараның шолу алаңынан қалаға көрікті панорамалық көрініс ашылады. 2017 жылдыңмаусым айында Қазақстан астанасы миллионер-қала мәртебесін иеленді. Оныңэкономикасының негізін – сауда, көлік және байланыс, құрылыс құрайды.
Сонымен бірге,халқы 1,8 миллионан асатын, ірі қалалардың бірі, елдің мәдени жәнеқаржы-экономикалық орталығы болып саналатын – Алматы қаласы. Ол Еуразияқұрлығының орталығында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Тянь-Шань тауларының ең солтүстік тау қырқасы -Іле Алатауының тау етегіндеорналасқан. Бұл нүктеден көптеген туристік бағыттар бастау алады. Бірнешекүндер ішінде-ақ саяхатшылар таулардың қарлы шыңдарына шығып, шөл көріктеріне қарай алқапқа да түсе алады.
2018жылдың маусым айында Шымкент қаласы да республикалық маңызы бар қалаға айналды.Одан алдын, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі күндері Түркістаноблысының) әкімшілік орталығы болған. Шымкент – халық саны бойынша үшінші, алқамтып жатқан аумағы бойынша бірінші орында, ол – Қазақстанның ең іріөнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі.
Қазақстан –бұл, полиэтникалық мемлекет, мұнда 120-дан астам ұлт және ұлыс өкілдерібірлікте өмір сүреді, сол себептен толеранттық қағидалар мемлекеттік саясидәрежеде қаланған.
Қазақстан советтік поликонфессиялықмемлекет болып келеді. Негізгі, кең таралған дінді конфессиялар: ислам жәнехристиан діндері.
Мемлекетпайдалы қазбалар қорына бай. Мемлекет қаржы табысының басты көзі – мұнай жәнемұнай өнімдерінің экспорты. Ауыл шаруашылығының саласы да дамып келе жатыр.Бидай экспорты да республика экономикасына валюталық түсімдердің негізгікөздерінің бірі болып табылады.
Қазақстанныңклиматтық жағдайлары, олардың алуан түрлілігі мал шаруашылығының өркендеуінеайтарлықтай потенциалдық мүмкіндіктер береді. Қазақстанда дәстүрлі түрде қой,жылқы, түйе және де ірі қара мал шаруашылығымен айналысады.
Алайда жақынуақыттан бері мемлекет басшысының өзі экономиканың басым саласы етіп туризмдібелгіледі. Дегенмен, туризм дамуымен байланысты инфрақұрылымның, көліклогистикасының және басқа да аспектлерінің жақсаруына байланысты алда әлі де жұмыстаркөп болса да, Қазақстан есіктері қонақтарға әрқашан да ашық, ал құшақ жайыпқарсылап алу, кей-кейде, белгілі болғандай, бес жұлдызды қонақ үйлерде тұруданмаңыздырақ! Ғасырлар бойы келе жатқан қазақ қонақжайлылық бүгін де өзекті.
Қазақстанкөруге тұрарлық қызықтарға мол! Ландшафтардың, өсімдіктер және жануарларәлемінің әртүрлілігі. Мұнда көне мәдениет пен әдет-ғұрыптар қазіргі заманөмірімен, ал түркі өркениетінің шығыс салт-дәстүрлері батыс модерніменкөршілес. Біз, сіздерге, керемет Қазақстанға саяхат жасап, оның көріктіжерлерімен танысуға ұсыныс жасаймыз!