yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Виза қалай алу керек

Қазақстанға виза қалай алу керек?

Шетелдік қонақтардың Қазақстан Республикасы аумағына кіруі және шығуы мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде, паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар, қажет болған жағдайда Қазақстан визасы арқылы іске асырылады.

Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары бойынша, егер олар талап етілсе, Қазақстан визалары болған кезде келеді және кетеді. 2024 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.

Кімге виза қажет емес?


Кімге виза қажет емес?

Елде болу құқығымен 14 күнге дейін визасыз кіру келесі елдердің азаматтарына беріледі:

Гонконг, Үндістан, Иран, Қытай.

Елде болу құқығымен 30 күнге дейін визасыз кіру келесі елдердің азаматтарына беріледі:

Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Бельгия, Болгария, Бразилия, Босния және Герцеговина, Ватикан, Ұлыбритания, Вьетнам, Венесуэла, Венгрия, Германия, Греция, Грузия, Дания, Израиль, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Колумбия, Корея, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Мальдив Республикасы, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эквадор, Эстония, Жапония.

Жоғарыда аталған елдердің азаматтары өздерімен бірге қолданыстағы паспорттардың барлық түрлерін алып, елде 30 күнге дейін болу құқығымен Қазақстан Республикасының аумағына кіре алады.  Аталған мемлекеттердің азаматтары әрекеттегі паспорттың кез келгені арқылы Қазақстан Республикасының аумағына визасыз, 30 күнге дейігі мерзімге кіру мүмкіндігіне ие.

Төмендегі мемлекеттер азаматтарының ҚР аумағына визасыз 90 күнге дейінгі мерзімге кіру құқығы бар:

Албания, Андорра, Аргентина, Армения, Бахрейн, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Украина.

Қазақстандық визаны қалай алуға болады?

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының визасы талап етілетін шетелдік азаматтар визаны екі түрлі жолмен рәсімдей алады: ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдіктері арқылы немесе электронды түрде (e-visa).

Бірінші нұсқа

Визалар ҚР Сыртқы істер министрлігімен (ары қарай – ҚР СІМ), ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелерімен және елшілік пунктерімен, аталғандары болмаған жағдайда, ҚР арнайы өкілеттілігі бар өкілдерімен беріледі.

Қабылдаушы тараптағы ұйымдардың өтініші бойынша шетелдіктерге көпретті виза берілуі мүмкін.

Екінші нұсқа. Е-visa

2019 жылдан бастап 105 мемлекет азаматтары туристік, 18 мемлекет азаматтары емдік немесе іскерлік мақсаттағы визаны электронды түрде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.

Электронды виза (іскерлік, емдік, туристік санаттағы) қазақстандық тараптың әрекеттегі шақыртуы негізінде рәсімделеді. Шетелдік турист аталған шақыртуды алу үшін, қабылдаушы тарап (туристік виза болса, тек туроператор немесе туристік агенттік) ҚР ІІМ-нің көші-қон қызметі комитетінің бөлімшелеріне сәйкес құжаттар жиынтығын тапсыруы керек. Шақыртуды растауды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні. Бұдан кейін қабылдаушы тарапқа шақырту номері беріледі. Номер электрондық визаны рәсімдеу үшін шетелдік туристке тапсырылады.

Одан кейін турист электрондық визаны www.vmp.gov.kz порталы арқылы рәсімдей алады.

Виза санаттары:

  • Туризм мақсатындағы виза (В12 санаты) бір мәрте 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 30 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
  • Іссапар мақсатындағы виза (В1 санаты) бір мәрте 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 60 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
  • Іссапар мақсатындағы виза (В2-В3 санаты) бір мәрте 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 30 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
  • Емделу мақсатындағы виза (С12 санаты) бір мәрте 180 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 90 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.

Шетелдіктер электронды виза арқылы Қазақстан Республикасы аумағына/аумағынан кіру/шығу әрекеттерін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғана іске асыра алады. Туристің өз еншісінде қағазға басылған виза болуы шарт.

Қосымша ақпаратты ҚР ІІМ-нің сайтынан біле аласыз.


Қазақстан Республикасы визаларын беру және әрекет ету мерзімін ұзартуға келесі жағдайлар негіздеме бола алады:

Кіру визасын беру үшін негіздеме шетелдіктердің Қазақстанға келу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының шақыртуы бойынша – жеке мақсаттармен, іскерлік, білім алу не туризм мақсатымен келгендер Қазақстан аумағында жұмыс жасауға және келу мақсатына қатысы жоқ өзге қызметпен (ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқасы) айналыса алмайды.

Виза санаттары, олардың берілу тәртібі, әрекет ету мерзімінің қысқартылуы мен ұзартылуын ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісуімен, ҚР ІІМ мен ҚР СІМ анықтайды.

Визасыз кіру бойынша келісімі бар үшінші елге жету үшін Қазақстан аумағын транзит арқылы жүріп өтетін шетел азаматынан міндетті түрде Қазақстанның транзиттік визасы талап етіледі.

Қазақстан Республикасын автокөліктік құралдармен транзиттік жүріп өту, соның ішінде халықаралық автомобильді жүк тасымалы, тек халықаралық автомобильді қатынасқа ашық жолдар арқылы іске асады.

Шетелдіктер көші-қон полициясы органдарында тіркелу керек пе?

Тіркеусіз 30 тәулік

2020 жылдан бастап, 2019 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған Заңға сәйкес, Қазақстан аумағына 30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктер үшін міндетті тіркеу қажеттілігі жойылды. Дегенмен, қабылдаушы тарап үшін турист ел аумағына келген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін шетелдік қонақтың келгендігі жайлы хабарландыру міндеттемесі сақталады.

Ол үшін виза-көші-қон порталында келесідей әрекеттерді орындау қажет:

  • Шетелдік азамат және керек болса оның балалары жайлы мәліметтерді енгізу;
  • ЭСҚ көмегімен толтырылған өтініш формасына қол қою;
  • 15 минуттан кейін жеке кабинетте сақтаулы күйде қалатын дайын құжатты алу.

Қызмет тегін. 2014 жылдан бастап ҚР ІІМ-мен іске асырылуда.

Шетел азаматының Қазақстан аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келуі

Шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келетін болса, қабылдаушы тарап (қонақ үй, хостел, жалдамалы тұрғын үй, емдік-сауықтыру мекемесі және т.б. заңды немесе жеке тұлға) қонаққа уақытша тұруға рұқсат (тіркеу) рәсімдеуге міндетті.

Назар аударыңыз: шетелдіктерді тіркеу және Қазақстан аумағына шетел азаматының келуі жайлы хабарлау – қабылдаушы тарапқа жүктелетін екі бөлек міндет.

Мақала Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасынан алынған ақпараттың көмегімен дайындалды.

Қазақстанның визалық режимі туралы қосымша ақпарат

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінде өзгеше тәртіп көзделмесе, визалық талаптар сақталған жағдайда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта басталған мемлекеттердің азаматтары қатарындағы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағына/аумағы арқылы кіруіне/транзиттік өтуіне рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта басталған мемлекеттер азаматтарының қатарындағы шетелдіктер (тиісті визасы болған кезде) Қазақстанға үшінші елдер арқылы келе алады.

Қалған жағдайларда, карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес келуге рұқсаты болуы тиіс (ол шақырушы ұйымнан сұрата алатын Ведомствоаралық комиссия Хаттамасының көшірмесін ұсынуы тиіс).