yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Шығармалар

Қазақстанда әлемнің қай елдеріннің тағамдарын дәм татуға болады

  • Гастрономия

Қазақстан бұрынан бастап халықтың гастрономиялық талғамдарында едәуір көрініс тапқан көптеген мәдени байланыстарға ие.

Қазақстан өздігінен көпұлттымемлекет болғандықтан (қазақтар, орыстар, гректер, татарлар, ұйғырлар,корейлер, немістер және бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін көптеген басқаұлттар), мұнда әлемнің әртүрлі елдерінің тағамдары кеңінен таралған. Ой-пікірлерқайшылықтарына қарамастан, халықтың гастрономиялық құмарлықтары тек дәстүрліқазақ немесе шығыс бағыттарымен ғана шектелмейді. Сондықтан осы кең байтақелдің кез-келген қаласында әлемнің әртүрлі және ең алыс аймақтарында танымалтағамдарды ұсынатын көптеген дәмханалар, мейрамханалар және басқа да орындарды кездестіругеболады. Орыс, еуропалық, шығыс, азиялық, паназиялық және тіпті американдықтағамдар - қаншалықты тағам талғағышы немесе тек белгілі бір дәмдерді ұнатқышболсаңыз да, мұнда міндетті түрде сізге қажеттінің барлығы табылады. Алайда,әрине, бұл гастрономиялық әртүрліліктің "торттағы шиесі" - дала аймағының ұлттықдәмін айқын көрсететінбұрынан болған және болашақта болатын дәстүрлі қазақ тағамдары.

Орыс тағамдары

Бірнеше ғасырлар бойы екі ірі мемлекет арасындағы тығыз мәдениөзара қарым-қатынастың арқасында жергілікті үй шаруасындағы әйелдердіңөмірінде тереңдеп тамырын жайған орыс ұлттық тағамдарынан бастағанымыз жөн. Тойымдылығы мен қарапайымдылығына байланысты орыстағамдары кез-келген қазақстандықтың ас мәзірінің маңызды бөлігін құрайды. Бұданбасқа, ғасырлар бойы дәстүрлерге және көне рецепттерге сәйкес дайындалатын, түпнұсқалықөнімдер қосылған тағамдар көптеген арнаулы мейрамханаларда кең ассортименттеұсынылады.


Барлығы қалайша пісірілді және неніңдәмін татып байқауға?

Өмір салты мен географиялықорналасуы Ресейдегі ас мәзірінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды:саңырауқұлақтар, балықтар, түрлі дәнді-дақылдар, көкөністер мен ет үй ортасында тұрған үлкен пештегі қыш құмырағабұқтырылды, пісірілді.

  • Кез-келген басқатағамдардағыдай, тамақ ішу бірнеше сатыдан тұрады: әрқашан да бірінші болып,майлы және хош иісті, үш сорпалы, қаймақпен және жаңа піскен нанменқосып желінетін дәстүрлі орыс сорпа (борщ, балық сорпасы, щи сорпасы, қышқылтым көже), ал екінші болып, әдетте, тұшпара, сиыр етінен пісірілген сілікпе, шортан балығы немесепісірілген бекіре, еттен және саңырауқұлақтардан пісірілгенәйгілі орысбәліштері беріледі .
  • Әрине, тәттілер және деликатестерсіз іс тынбайды. Балмен, тосаптармен, қызыл немесе қара уылдырықтар қосылған нәзік, үлпілдек құймақтардың, тәттіқалаштардың және қытырлақ қант шәрбатындағы пірәндіктердің, түрлі-түсті пастилалардың, пісірілген жидектер менжемістердің дәмдерін татпай, қанағат ететін жандар өте аз.
  • Дәстүрлі орыс сусындардың да дәмдері кем емес: сергіткіш квас, татымды және ыстық бал қатқан сусыны, аздап қышқылдықты хошиісті морс және желіктіргіш бал шырыны.

Мұндай тамақтардан кейінәдеттетағам дәміне қанағаттанып, тоқмейілдік сезімге бөленіп,ұзақуақыт бойы еш нәрсе істегің келмейді, тек отырып қызықты әңгіме-дүкен құру ғана қолыңнан келеді.

Еуропалық тағамдар

Қазақстандағы еуропалық тағамдарды қарастыра отырып, оның жергілікті тұрғындардың арасында көптен бері танымал және сұранысқа ие екенін толық сеніммен айтуға болады. Дерлік әрбір үшінші мейрамхана немесе дәмхана Германия, Чехия, Ирландия, Англия, Италия және Франция сияқты еуропалық елдердің тағамдарына аса көңіл бөледі. Әрине,қазақ жұртыныңтұрақтанғандәм талғамдарына сәйкес тағамдардыас мәзірі қамтиды, ал ол, жұрттаұсынылған гастрономиялық таңдаулы тамақтарды қабылдау, бағалау қабілеті болуы үшін жасалған.

Еуразияда еуропалық тағамдардың қайсысын татып қарауға болады?

Әдетте, біріншіден, кез-келген мейрамхананың мәзірінен табуға болатын француздық ет, итальяндық пицца және паста, грек салаты және басқа да көптеген тағамдар ойға келеді. Бірақ Қазақстанда мейрамхана бизнесі қарқынды дамып келеді және халықтың қызығушылығын ояту үшін, аспаздар тамаққа үнемі жаңа қосымшалар енгізіп, ас мәзірін кеңейтіп және жетілдіріп, еуропалық деңгейге теңесуге тырысады. Айтарым, істері сәттілікке жетуде!

  • Жайлы итальяндық мейрамханалар сіздерге түрлі салындылары бар брускетерді, таңдаулы ірімшіктерді және антипасто (ыстық және суық тіскебасарлар), пастаның мүмкін болатын барлық түрлерін (Карбонарадан феттучиниге дейін), ризотто, равиоли, жұқа қамырдан жасалған пицца, сиыр етінен пісірілген оссобуко және басқа да көптеген дәстүрлі тағамдарды ұсынады.


  • Қазақстанның түсінігіндегі Франция дәмін татып көру үшін келесі тағамдарға тапсырыс беру керек: киш (ғажайып дәмді бәліш), пияз сорпасына, рататуй, тартифлет, нисуаз салатына, сафойлық Фондю, таңдаулы тәттілерге (бланманже, Эклерлер, Сюзет құймақтарына).


  • Танымал британдық тағамдар: Wellington сиыр еті, ағылшын қойшының бәліші, шошқа еті, стейктер, ланкаширлік қой еті, сондай-ақ көптеген дәмді тәттілер - крамбл, чизкейк, Йоркшир пуддингі, трайфл және лимонды күрд.


  • Қазақстандықтар арасында неміс тағамдары да танымал - үйрек етінен орама, шницель, шұжықтар және шұжықтың барлық түрлері, айсбайн(көкөністермен шошқа сирағы), ақсерке балығы, арқан балығы немесе әр түрлі тұздықтар қосылған тұқы, эльзас торты, штрудель және тағы басқалары.


Бұлардан басқа, тағы көптеген мейрамханалардың мәзірінде голландтық, австриялық, ирландиялық және чехиялық экзотикалық тағамдарын таба аласыз, бірақ олардың саны көп емес, алайда олар бар. Тарихи тұрғыданеуропалық ғалымдар мен саудагерлер қазақ жеріне экспедицияға келген кезден-ақ,еуропалық тағамдарРесей империясының дәуірінен бастап танымал болды. Жаһандану үрдісі де өз рөлін атқарды, оның арқасында қазақстандықтардың орташа статистикалық мәзірі еуропадан шыққан тағамдармен толықтырылды.

Шығыс тағамдары: паназиялық және түркі тағамдары

Талғамдардың ұқсастығын,әсіресе ет тағамдарының және керемет тәттілердіңалуан түрлілігін ескере отырып,Қазақстанда анағұрлым ертеде шығыс тағамдары ұсынылатын мекемелер халық арасында танымалдылыққа ие бола бастады. Шығыс тағамдарын екі үлкен санатқа бөлуге болады: паназиялық және түркі тағамдары деп.Бірінші жағдайда қытай, корей және жапон мекемелері өте танымал.

Роллдар, суши, тәтті ет және ащы дәмдеуіштер

Қазақстан тұрғындары әдетте паназиялық тағамдарды жоғарыда айтылғандармен теңестіреді.Кореялық және қытайлық тағамдары ащы, астарлы жәнеасқазанға ауыр тимейтінтамақтарды сүйсінетін жандар арасында үлкен сұранысқа ие. Күріш, ет, кеспе, көкөніс және теңіз өнімдері дәстүрлі тағамдардың негізін құрайды, бірақ тағам құрамы мен мөлшерлестігі ауырлық сезімінің пайда болмауы үшін іріктеп таңдалады. Көптеген хош иісті дәмдеуіштері, самырсақ, зімбір тамырының ұнтағы және соя тұздығы бар күнжіт, зәйтүн немесе рапс майының жиынтықтары бәріжақсы көретінпаназиялық тағамдарында татылымдықтардыңерекше ащы дәміне және бай хош иісіне жауап береді.

Қазақстанның корей мейрамханаларында тағамдардың және дәмтатымдардың нағыз дәстүрлі дәмін татып байқауға болады, себебі жиі кездері сол мейрамханалардың иелері көне рецептерді сақтап келген, барлық қажет ингредиенттерді тікелей Оңтүстік Кореядан әкелетін этникалық корей адамдары болады. Этникалық корей адамдарының Қазақстан жерінде пайда болуы КСРО кезіндегі қатал қиыр шығыстық саясатпен уағыздалған, ол кездері 100 мыңдай корей адамдары Қазақстанға жер аударуға мәжбүрленген және тағдырдың еркінене тасталған болатын. Жергілікті тұрғындар байғұс, абыржыған адамдарға суық далалы аймақтарда аман қалуға көмектескен, міне, осыдан бастап олар ел аумағында жайғаса бастады. Тамақ тақырыбына қайта оралайық, посткеңестік елдерде халық арасында кеңінен таралған және аса танымалдылыққа ие бола бастағанкорей тағамдарыОңтүстік Кореяның заманауи тұрғындарына дағдылы тамақтарынан бірқатар ерекшеленетінінескере кетпеуге болмайды. Кейде мұндағы мейрамханаларда көптеген өзгеше ингредиенттерді базарда бар және жергілікті халыққа әдетті ингредиенттерге ауыстырылады, ал рецепттерді әйгілі корей ащыларымен қазақстандықтарды састырмау үшін икемдейді. Бірақ ештеңеге қарамастан мұндай тағамдарды мұнда өте жақсы көреді және сүйсіне дәмдетіп дайындайды. Айырықша дәмді етті ыстық тағамдар- пульгоги, чжокпаль, кальби, сокоги, боккым, кальбитхан (сиыр қабырғасынан пісірілген сорпа),камджатхан, самгетхан (тауық сорпасы), соллонтхан (сиыр сорпасы), самгепсаль (шошқа тіліктері)және көптеген тағы басқалары.


Мұнда дәстүрлі жапон тағамдары да аса танымал, олар: суши, роллдар,нигири, гункандар, сашими, якитори, тэмпура, кеспе (рамэн, удон және соба).Бұл тағамдардың көрінісі және үйлестірілген құрамы тамақтану үдерісінің үйлесімділік және тыныштық атмосферасын құрайды деп есептейді. Оларды дайындауда тек балғын және жоғары сапалы азық-түліктер қолданылады: теңіздің барша сыйлары, күріш, балдырлар, көкөністер, кейде сиыр және тауық еті. Жапониялық аспаздық тәжірибені Қазақстанда бойға сіңірген - көптеген суши-барлар және мейрамханалар айырықша тағамдарды дайындау өнерінің шеберлігін меңгеріп алған, ал кейбіреулері, тіпті, Күн көтерілетін елден аспаздарды жұмысқа шақырып та алған.


Мұның барлығы Қазақстан жәнеежелден бері ортақ сауда және саяси байланыстары баршығыс елдерінің тарихи жақындығының нәтижесі болып келеді. Айтпақшы, Азияның көптеген елдері қазақ халқымен Ұлы Жібек Жолы арқасында байланысты болды, осылайша, сонау замандардан бастап паназиялық тағамдар қазақ далаларына тарай бастады.

Дастарханы берекелі Шығыс

Көптеген шығыс (олардың қатарында түркі)халықтарының дәстүрлі тағамдары ұлттық қазақтардың тағамдарымен де тығыз байланысты, оны Қазақстанның заманауи тағамдарынан байқауға болады. Дүниежүзілік танымалдылық және құрметтеушілікке ие болған шығыс тағамдарындың негізгі ерекшелігі - тағамдардың құнарлығы мен мөлшерінде, олардың арқасында адамдар қысқа уақыт ішінде ұзақ мерзімге тамаққа тойып алады. Оның құрамында көбінесе ет, сүт, және дәнді-дақылдар бар азық-түліктер. Нан өнімдері де әрқашан шығыс тағамдарының өзгермес атрибуты және кез келген мейрамдардың әшекейі болған - мұнда оны өте жақсы көреді және ең бастысы, дұрыс пісіре біледі.

Гастрономиялық еркіндік

Арасында азиялық (өзбек, татар және ұйғыр) және кавказдық (грузин, армян) өкілдері бар "шығыс тағамдары" терминіне қазақстандықтар әлдеқашан машықтанған болатын және оларға бірнеше бағыттар байланыстырған. Кейде, тіпті, Балқан жарты аралының тағамдары да кездеседі, мысалы - Түркі тағамдары. Етті және ашыған сүт өнімдерін өңдеу және дайындау тәсілдерінің ұқсастығы және де етті-нан тағамдарының молдылығы туыстастырады.

  • Өзбек тағамдары - Қазақстан аумағындағы ең танымал және сүйіктілерінің бірі. Шырынды және дәмді тағамдардыңжарқын алуан түрлілігі - оның ең үздік түсінігі. Мұндағы мейрамханаларда бәліштердің барлық мүмкін түрлерін, самсалардың, чебуректердің, долманың (жүзім жапырағына оралып піскен ет), тұшпараның, мампардың (үзбе кеспе), бедана кеуаптардың және тағы басқалардың дәмдерін татуға болады. Қазақстандықтардың өзбек тағамдарынан ең сүйікті тамағы - дәстүрлі өзбек палауы.


  • Грузин тағамдары да үлкен сұраныстарға ие, айырықша нан өнімдер мен дәмді ірімшіктерге құмар жандар арасында. Міндетті түрде хачапури, пхали, лобио, сациви тауықпен, чахохбили, қою және хош иісті харчо сорпасы, ең дәмді хинкали, сацебели тұздығымен ет және гальдік цицилу (қуырылған балапан) жеп көріңіз.


  • Ұйғыр тағамдары көлемді мөлшерімен және алуан түрлі тағамдардың таза, хош иісті дәмімен, шынымен де, қуантады: самбуса, гян-фян (ет пен көкөністер қосылған дәмқосармен күріш), кәуап (қой етінен), чушуря (ұйғыр тұшпарасы), дапанджи, лағман, гампан, сай (құрамында түрлі дәмдеуіштер жиыны, ет пен көкөністер қосындысынан тұратын ұйғыр топпингі).


Сонымен қатар, қазақстандықтар хош иісті шәйді тәттілермен қоса ішуді жақсы көреді, сондықтан түркі тағамдары да жергілікті гастрономиялық ментелитетке сай келеді. Дерлік әр жерде таңдаулы шығыс тәттілерінің дәмдерін татуға болады, мысалы, құрамдарында жаңғақтар, бал, кептірілген жидектер және жеміс шырыны болған шербет, пахлава немесе рахат лукум қайталанбас және ұмытылмас дәмге ие.

Қорытындылай келсек, бұл, керемет елбұрынан бастап халықтыңгастрономиялық талғамдарында едәуір көрініс тапқан көптеген мәденибайланыстарға ие.Ғасырлар бойы мәдениеттердің, халықтардың және салт-дәстүрлердің қиылысқан орны болып келетін Қазақстанда еуропалық тағамдардан бастап, паназиялық теңіз өнімдеріне дейін дерлік барлық елдердің тағамдарының өз өкілдері бар.