Қызылорда облысының көрікті жерлері
Қазақтың дархан даласынан бастау алатын ғарышқа апарар төте жолдың «қақпасы» – осы өңірдегі Байқоңыр. Тыныс-тіршілігі түгелдей ғарышпен байланған шаһардағы көрнекті орындардың барлығы дерлік Жерден тыс кеңістікті игеру тарихы жайлы сыр шертеді
Уақыт белдеуі
GMT +5
Аймақ ортасы
Қызылорда
Туристік нысандар
9
Қызылорда облысы
Қазақстанның оңтүстік өңірінде жайғасқан Қызылорда облысы туристерді шуақты күндерімен және бай тарихи мұрасымен қуантады.
Жұлдыздарға ұмтылу
- Туристерге толы экскурсиялық топтардың жиі баратын ең қызықты жерлердің бірі – Байқоңыр ғарыш айлағы. Адам баласы алғаш рет ғарышқа дәл осы жерден ұшқан болатын! Ал бүгінде Байқоңырда ғарыш аппараттарын ұшыруды бақылауға мүмкіндік беретін экскурсиялар жүргізіледі, сондай-ақ бұл жерде «Гагаринский старт» деп аталатын алаңды көріп, ғарыш айлағының тарихи маңызы бар түрлі кешендерімен танысып, мұражайынан қызықты экспонаттарды көруге болады.
Тарихи мұра
- Джан қала, Сығанақ және Жаңакент секілді көне қалашықтардың, ірі сауда орталықтардың және хан ордаларының қалдықтарын көру де қызықты болмақ. Ал Шірік-Рабат қалашығы кемінде бір мың жыл бойы сақ көсемдерінің ордасы болған!
- Қармақшы ауданында орналасқан, бүкіл түркі дүниесіне ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаға арналған мемориалды кешен.
Қызылорда облысының көркем табиғаты
- Арал теңізіндегі бұрын арал болған, бүгінгі күні сирек кездесетін жануарлар мен құстардың мекендеу ортасы – Барсакелмес қорығы.
- Бұл ыстық аймақты көкке ораған көркем Сырдария өзені, балық аулауға арналған тамаша орындардың бірі.
Сонымен қатар, мұнда уақытты денсаулыққа арнап өткізуге болады
- Көптеген аурулардың белгілерін жеңілдететін немесе жоятын Жаңақорғанның емдік саздары.
- Қамыстыбас (Қамбаш) – адам денесі батпайтындай ащы, тұзды көл. Мұнда шалқаңыздан жатып, күн шуағына шаттанып, минералды тұздармен организмді сауықтыруға болады.