Қарағанды облысы

Қазақ хандығының бесігі болған Ұлытау мен қиырсыз сахараның шұраты Қарқаралы орын тапқан Қарағанды облысы – Сарыарқаның бар құпиясы сақталған сыр сандық. Сол сандықта жасырылған рухани қазынаның бірі – Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажы салдырған мешіт
Time left

Time

+6 GMT

Center

Қарағанды

centre of province

Spots

6

tourist attractions

Time left

Weather

+5°C

Қарағанды облысы

Балқаштан Ұлытауға дейін, Орталық Қазақстанның түгел дерлік аумағын қамтитын Қарағанды облысы жайғасқан. Оның таулы, далалы, шөлді және орманды ландшафттары саяхатшыларға ғажайып әрі көркем орындарда ұмытылмас оқиғаларға толы саяхат сыйлай алады.

Қарағанды облысындағы курортты демалыс

  • Қарқаралы ұлттық саябағы. Бұл жерде денсаулықты нығайтып, шипажайлар мен қонақ үйлерде демалуға, тылсымға толы Шайтанкөлге қарай жаяу экскурсияға шығуға, Тас-Бұлақ шатқалындағы табиғат мұражайына, қазіргі күні Қызыл-Кент сарайы деп аталатын Буддалық монастырьге және көптеген басқа жерлерге баруға болады.
  • Бір бөлігі ащы, бір бөлігі тұщы Балқаш көлі – ыстық дала мен шөлейттің тап ортасында орналасқан шынайы оазис. Бұл жерде кез келген талғам мен қалтаға сай сауықтыру кешендері мен демалыс үйлерінде тұрақтауға болады.

Этнографиялық және тарихи ескерткіштер

  • Ұлытау – қазақ үшін киелі жер. Жүздеген жылдар бұрын хан ордасы орналасқан, хандарды ақ киізге көтерген, үш жүздің қолы біріккен жер.
  • Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл және Шабанбай би кесенелері, Аманбай және Аманжол кесенелері және тағы басқалары.
  • Қарқаралы қаласындағы ұлы Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлы салдырған мешіт. Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясында осы мешіттің құрылысы туралы да баяндалған.
  • Карлаг – саяси құғын-сүргінге ұшыраған жандар лагері, ГУЛАГ-тың ең ірі бөлімшесі.
  • Облыстың археологиялық қазынасы – салмағы үш тоннаға дейінгі тақталардан жасалған құрылымдар кешенін құрайтын Беғазы-Дәндібай мәдениеті қорымы.
  • Қола дәуірінің тарихын көрсететін Заңғыртас петроглифтері және Күнге табынушылыққа арналған Теректі-Әулие петроглифтері.
  • Көне Кент прото-қаласы және ортағасырлық Бесқамыр қалашығы.

Треккинг және фотосуреттерге арналған локациялар

Қарағанды облысының табиғи орындары:

  • Қарқаралыдағы Шайтанкөл мен Бассейн көлдері.
  • Ғажайып Қызыларай таулары мен Ақсораң шыңы – Сарыарқаның ең биік нүктесі.
  • Әулие үңгірі бар Бектау ата тау тізбегі.
  • Балқаш көлінің солтүстігінде өсетін тораңғы тоғайы.

Мұнда ауа-райы оңтүстікке немесе солтүстікке жақын орналасуыңызға байланысты, әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тамыздың аяғында Балқашқа шомылуға әлі де мүмкіндік болған кезде, Қарқаралыда күн біршама суытып, күздің жақындағаны сезіледі.

Photo gallery

Қарқаралы ұлттық паркі

Add your photo

Choose one or more photo

PublicationsAll publications