menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мәдени және демалыс саябағы

Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағы

Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағы

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағы – жүздеген гектар аумақта жайқалып жатқан мәдени-тынығу кеңістігі.

Орналасу орны

Орналасу орны

Астана

Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағы

Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағы

Саябақ отбасылық демалысқа да, достармен ашық аспан астында бас қосқанға да, шынығып, спортпен айналысқанға да таптырмас орын. Велосипед тебемін, жүгіремін, жүземін десеңіз де, мархабат! Мұнда тіпті бассейн де бар. Жыл маусымдары ауысқан сайын, саябақтың ұсынар қызықтары да өзгеріп тұрады. Қыс келіп, қар түскен шақта орталық саябақта шаңғы теуіп, мұзайдында коньки тебуге болады. Керек-жарақтың барлығы жалға беріледі: қыста шаңғы мен коньки, жазда велосипед, самокат, роликтер, балаларға арналған ойын көліктері.

Десек те саябақтың үлкенді-кішілі барлық келушілері асыққан басты қызық – аттракциондар. Шынында да, ойын автоматтарында сәттілікті сарапқа салуға, автодромдардың темір тұлпарын тізгіндеп, шабандоз атануға, арқанды парктің тайғақ өткелдерін өтіп, қорқынышты жеңуге кім асықпайды?! Орталық саябағымызды жарқын әсерлердің түпсіз қоржыны десек, асыра айтпаймыз.

7D өлшемдегі кинотеатрды да осы жақтан табасыз. Оны аз десеңіз, Есіл өзенінің жағалауында жазғы амфитеатр бар. Жаздың күні түрлі мәдени іс-шаралар дәл осы жерде өтеді. Айтылғанның барлығын ысырып қойып, бір ғана Есілдің жағалауында серуендеп қайтсаңыз да алар әсеріңіз еш кемімесі анық. Сезімтал көрермен болсаңыз, Есілдің ерке толқындары мен күн шуағы бірлесіп қояр ерекше қойылымды назарсыз қалдырмассыз.

Демалысқа арнар уақытыңыз жеткілікті болса, «Ailand» отбасылық демалыс орталығы мен «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне бармай, қайтпаңыз. Неге десеңіз бір ғана «Атамекенді» аралап шығып, қазақ елінің ең негізгі көрнекті орындарымен толықтай дерлік танысып шығасыз. Еліміздің ең ірі картасында 300-ге жуық нысан бой түзеген.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Астаналық саябақтың ресми мекенжайы: Тұран даңғылы, 7а. Саябақ күнделікті таңғы 10.00-ден 22.00-ге дейін ашық. Саябаққа №12, 17, 21, 36, 46, 50, 53, 54 («Астана паркі» аялдамасынан шығасыз); №21, 32, 44, 103 Экспресс («Ailand» отбасылық демалыс орталығы» аялдамасынан шығасыз); №1а, 18, 28, 32, 37, 44, 52, 70, 103 Экспресс 803, 807 («Салтанат сарайы» аялдамасынан шығасыз) бағдарларынмен жүретін автобустармен жетуіңізге болады. Аялдамалардың барлығы саябаққа жақын орналасқан.

Орналасу және тамақтану

Орталық саябақ аумағында әр келушінің қалауы мен таңдауына қарай дәм ұсына алатын кафелер мен мейрамханалар жеткілікті. Оған қоса ересектерді балалық шаққа жетелеп, балдырғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын тәтті мақта мен балмұздақ сататын дүңгіршектер де өте көп.