Мұражай / Этно-мемориалды кешен
"Атамекен" этно-мемориалдық кешені
Қазақстандағы барлық айтулы көрнекті орындардың кішірейтілген нұсқалары осы кешенде орналасқан
"Атамекен" этно-мемориалдық кешені
Қазақстандағы барлық айтулы көрнекті орындардың кішірейтілген нұсқалары осы кешенде орналасқан
Қазақстан Республикасы жер аумағы бойынша Әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіреді. Демек, осынау ұлан-ғайыр даланың бар кереметіне көз жеткізу үшін мыңдаған шақырымдық жол, ондаған күндік сапарға аттануға тура келеді. Елорданың төрінен орын тапқан "Атамекен" этно-мемориалды кешенінде серуендеп жүріп, Қазақ жерінің барлық тарихи, мәдени, сәулет игіліктерімен танысып, тамашалап қайтуға болатыны, ерекше қуантарлық жайт.
Кешеннің атауы да ата-бабамыз мекен еткен асыл жер деген ұғыммен астасып жатыр. Екі бірдей футбол алаңының аумағын алып жатқан кешенде Қазақстандағы ең көрнекті деген 200-ден астам сәулет нысандары мен тарихи ескерткіштер, ормандар, таулар мен төбелер кескінделген. "Атамекен" кешенінің барлық мақсат-мүддесі қазақ мәдениетінің жауһарларын сақтап, қоғамға танытуға бағытталған. Қазақстанның бедерлі картасында ареналы форум аймағы жасақталған. Мұнда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Қызықты да танымды демалыс өткізгіңіз келсе, "Атамекенге" қош келдіңіз дейміз!