Мұражай / Этно-мемориалды кешен
"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
Мұнда Түркістан аумағындағы археологиялық мәдениет ескерткіштерін зерттеу мен сақтауға бағытталған ғылыми-ағартушылық іс-шаралар жүргізіледі.
"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
Мұнда Түркістан аумағындағы археологиялық мәдениет ескерткіштерін зерттеу мен сақтауға бағытталған ғылыми-ағартушылық іс-шаралар жүргізіледі.
1)
Халықаралық
атаққа ие болған "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-мұражайының іргетасы
1978 жылы қаланып, 1989 жылы қайта құрылды. Бұл жерде Түркістан археологиялық
мәдени ескерткіштерді сақтау мен зерттеуге бағытталған ғылыми-ағартушылық жұмыстар
жүргізіледі. Оның аумағында ерте заманда атақты Қожа Ахмет Йассауи мен Рабиға
Сұлтан Бегім кесенелері, Қылует жерасты мешіті, Гауһар ана мен Ұқаш ата
кесенелері, Сауран қалашығы бой көтерген. Мұражай қорында 25 мың бағалы
экспонат бар. Олардың сақтығын қамтамасыз ету үшін арнайы заманауи құрылғылар
орнатылған.
"Әзірет-Сұлтан"
қорық-мұражайы жыл сайынғы әртүрлі тақырыптық бағыттағы көрмелер ұйымдастырумен
қатар, тұрақты түрде экспедициялық жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар мұражайдың
негізгі міндеттерінің бірі – қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін
қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың
рухтарына тағзым етіп, Отанымыздың тарихын халық арасында насихаттау
болып табылады. Мұнда өткен заманның рухын сезінуге мүмкіндік беретін қызықты
тарихи-театрландырылған қойылымдар өткізіледі.
"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
еліміздегі барлық республикалық, облыстық мұражайлармен әріптестік орнатқан
және солардың арасында келушілер саны бойынша көш бастап тұр.