menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мешіт

Қылует жерасты мешіті

Әзірет Сұлтан өмір сүрген жерасты мешіті

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан

Қылует жерасты мешіті

Әзірет Сұлтан өмір сүрген жерасты мешіті

Ислам мәдениетінің жауһарлары шоғырланған Түркістан өңірі - Қазақстан және Орта Азия мұсылмандары үшін ерекше қадір-қасиетке ие. Сондағы жауһарлардың бірі - "Әзірет Сұлтан" кешеніне енетін Қылует жерасты мешіті. 

Мешіттің салынуын сопылық ілімнің әйгілі ғұламасы Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланыстырады. Әзірет Сұлтан 63 жасқа келген шағында бұл дүниенің игіліктерінен бас тартып, қалған ғұмырын жер астындағы қонысында құлшылық етумен өткізген. Мұнда намаз оқу залы, зиярат етушілердің діни жөн-жоралғылар орындауына арналған бөлме және 4 метр тереңдікте орналасқан шағын бөлме бар. 

 Қылуетке келу - дүниеден безіп, жалғыздықта өмір кешуге бастама емес, әр келушіні Жаратушыға бір елі жақынырақ етіп, өзінің ішкі "Мен"-ін табуына мүмкіндік беретін құлшылық екенін есте сақтаған жөн. Киелі Түркістан жеріне жол бастаған зиярат етушілердің діни танымында Қылует жерасты мешітінің қашанда алар орны бөлек.