yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Шығармалар

Бердвотчерлер үшін үздік орындар

  • Табиғат

Құстарды бақылай отырып, біз, әлемді тани бастаймыз, анағұрлым таза әрі жақсы болып, табиғатты қадірлей бастаймыз.

Филадельфиядағы орнитолог, құстардың кариб түрлерінің облысындағы сарапшы, Джеймс Бондтың түптұлғасы шынайы адам болғанын білесіз бе? Ямайкада тұрып жатқан кезде бёрдвотчингпен шұғылданған, Ян Флеминг Бондтың ғылыми еңбектерімен таныс болған және өзінің "Казино Рояль" хикаясының бас кейіпкері үшін олардың авторының есімін таңдаған. Құстарды бақылаумен (birdwatching - сөзі, осылайша, мағынасы бойынша толығырақ аударылады) президенттер Франклин Рузвельт және Джимми Картер де шұғылданған болатын.

Еуропада және Америкада құстарды бақылаушылардың саны, тіпті, таң қалдырады, өзіңіз елестетіп көріңізші: сексен миллионнан астам адам. Қазақстан үшін, бұл хобби айтарлықтай әлі жаңа және бүкіл ел бойынша қанаттыларды сүйгіш небәрі бірнеше жүздеген адам ғана жиналар. Бірақ, қазақстандық бёрдвотчингтің болашағы зор екені сөзсіз. Себебі, ландшафттары алуантүрлі, сәйкесінше, құстар тобының түрлеріне бай (бес жүзден астам)үлкен аумақта, әрқашан, жергілікті, сондай-ақ шетелдік бердвотчерлерге көруге құстар табылар.

Эстетикалық ләззат пен жаңа эмоциялардан басқа, бёрдвотчерлер өздері көріп қалған құстардың ("лайферлердің")жаңа түрлерінің есебін жүргізеді. Әрі теледидардан немесе зообақтан емес, жабайы табиғаттан көргендердің.

Қай жерде "барлығын және бірден" көруге болады

Коста-Рика әлемдегі құстарға ең бай ел деп, танылды, ол жерде қанаттылардың сегіз жүзден астам түрі мекен етеді! Әлемде олардың саны шамамен 10,5 мыңдай. Қазақстанда да құстар аз емес–белгілі орнитолог Анатолий Федорович Ковшарьдің редакциясымен шыққан, Қазақстан құстарын далалық айырғышына сәйкес, 500 түр екен.

Айтарлықтай қысқа уақыт ішінде құстардың мол түрін Алматы облысында көруге болады, Қазақстанның бұл оңтүстік белдеуінде мамыр-маусым айларында (көші-қон және ұя салу кезеңі) 260-тан астам құстың түрлерін кездестіруге болады. Бұл–біздің "классика" және содан бастау қажет.

Дәл осында, Орта Азияның аса биік таулары-Тянь-Шань мен онымен кереғар шөл далалар көршілес болатын жерде, бес күннің ішінде өз тізіміңді ең алуантүрлі, оның ішінде құстардың сирек түрлерінің тізбесімен едәуір толықтырып алуға болады. Тауларда шетелдік бёрдвотчерлердің үміт етер "олжалары" ретінде имектұмсықты (Ibidorhyncha struthersii) және әсем шымшықты (Leptopoecile sophiae) атауға болады. Сондай-ақ, қаратөс бұлбұл (Luscinia pectoralis), Гималай ұлары (Tetraogallus himalayensis), қозықұмай (Gypaetus barbatus) да қызықтырар.

Қазақстандықтар, әсіресе, жаңа бақылаушылар, міндетті түрде таулардың тағы да бір тұрғынын–кекілікті, (Alectoris chukar) немесе, оны басқаша-тас бөдене деп атайтын құсты, сәйкесінші бағалай алады. Елімізде 18 түртармақтың төртеуі мекен етеді, олар: Алматы облысында Alectoris chukar falki және жоңғарлық Alectoris chukar dzungarica түртармақтары. Кекіліктерді байқау оңай, себебі олар айтарлықтай ірі, өзін ашық ұстайды, жиі дауыс береді және үлкен бір топ болып өмір сүреді. Әсіресе, бұл құстарды ұя салған кезде бақылау қызық, көбіне тау бөдене 10-15 балапан шығарады, олар кез келген балалар секілді, өздерін өте қызық ұстайды. Жаңа бастаған бердвотчер үшін бұл бақылауға арналған тамаша нысан.

Шөл дала да аса қызықты нысандарға бай. Бұл бұлдырықтар: ақбауыр (Pterocles alchata) және қарабауыр (Pterocles orientalis), қылқұйрық (Syrrhaptes paradoxus), моңғол суықторғайы (Bucanetes mongolicus). Тәжірибелі гид-жолсеріктер, шөл даладағы кішігірім көлшіктердің, жерасты бұлақтардың орналасуын біле отырып, Сізді көптеген, оның ішінде айтарлықтай сирек құстардың түрлерінің суатына қатесіз ертіп әкеледі. Егер ауа-райы бірнеше күн бойы аспап ыстық болады десе, онда қуана беруіңізге болады. Жаңбырша келесі сапарға дейін, Сіздің кей арманыңызды бұзуы мүмкін.

Ақбауыр бұлдырық

Шетелдік қонақтарда тек мұнда көруге болатын, түрлер мен түртармақтар ерекше қызығушылық тудырады, мысалы, оларға іле сексеуіл жорғаторғайын (Podoces panderi), сарысағақ шүрілдегі (Charadrius asiaticus), джек (Chlamydotis macqueenii), қоңыр кептер (Columba eversmanni), сексеуілдік торғай (Passer ammodendri) және ақ қанатты тоқылдақ (Dendrocopos leucopterus) жатады.

Жаңа келгендер үшін Сорбұлақ көлдер жүйесіне немесе Алматыдан қашықта орналасқан басқа кішігірім суайдындарын ұсынғымыз келеді, себебі дәл сол көлдерде құстардың бірнеше ондаған түрлерін бірден көруге болады. Бұл, қызығушылықты оятып, қанаттыларға одан әрі бақылау жасауға шабыт беретіні сөзсіз.

Олардың кең таралуына қарамастан, бірқазандар мен аққулармен кездесу де тамаша әсер қалдырады. Қазақстанда бірқазандардың екі түрі бар: қызғылт (Pelecanus onocrotalus) және бұйра (Pelecanus crispus). Сұқылдақ-аққулар (Cygnus cygnus), сыбырлауық аққу (Cygnus olor), кіші аққу (Cygnus bewickii).

Ал күзгі көші-қон кезінде Алматының маңынан сұр тырналар мен ақбас тырналардың үлкен колониясын бақылауға болады. Бір күні қаладан 20 шақырым жерде шамамен бес мың тырнадан құрылған, аралас топты бақылау сәті басыма түскен. Құстар оттатуға тоқтаған алаң, тас жолдан ары қарай қамыстың қалың қабырғасының артында тығылған жер болатын және жолдан ештеңе көрінбеген. Алдымен, біз оларды естіп қалдық! Жақын маңнан, бұл маңғаз, кербез құстар сонау биік аспаннан көргеннен, анағұрлым әдемі көрінеді екен!

Оңтүстік Қазақстандағы тропикалық кішкентай құстар

"Классиканы" зерттеп алып, енді басқа өңірлерде қоныстанатын немесе ұя салатын, қанаттылармен кездесуге аттануға болады. Осылайша, Алматыдан небәрі 700 шақырым жерде, Кіші Қаратау тауларында бізге Үндістаннан ұшып келетін, жұмақ шыбыншысы ұя салады. Бұл монархтар тұқымдасынан кішігірім тропикалық құс өз атауын түрлі-түсті қауырсынуының арқасында алды. Көк шалғын мен бұтақтардың арасында оны көріп қалу оңай емес, бірақ тану оңай: басы, иегі, тамағы қою көкшіл жарқылды қара түсті, арқасы, қанаттары, құйрығы қоңыр-сары, кеудесі мен құрсағы сұршыл немесе ақ, тұмсығы қатты, қара көздерінің айналасындағы бос сақиналар көкшіл-көгілдір. Мұнда мекен ететін ақмойынды бұлбұл (Irania gutturalis) да әдемі. Ол өзінің дауысты әнімен ұясы орналасқан учаскені ұшып өткенде, әсіресе әсерлі көрінеді.

Осы жерде шөл әжуаны (Hippolais languida) және татрең сұлыкеші (Emberiza stewarti), бірақ, сыртынан көрікті көрінетін экзотикалық жұмақ шыбыншысымен салыстырғанда, бұл құстар ілгерілеген мамандарды көбірек қызықтырады.

Талас Алатауы тауларында, Қаратау тауының маңайында Қазақстанның және Орта Азияның ең ескі "Ақсу-Жабағылы" қорығы орналасқан (1926 жылы ұйымдастырылған).

Таулар мұнда биік діңгекті аршадан сиретілген ормандармен жамылған, сол себепті, мұнда Солтүстік Тянь-Шаньда жоқ, көптеген құстар мекен етеді. Ең қызықты құстардың бірі, сирек отырықшы құс–қарамаңдай шымшық (Parus rufonuchalis).

Реликтілік шағалаАлакөл қорығының нышаны

Еліміздің шығысында Алакөл көлі жайылған, мұнда суда жүзетін және су маңы құстарының көптеген түрлерінің арасында әлемдегі ең сирек кездесетін реликтілік шағала (Larus relictus) мекендейді. Көктемде наурыз айының соңында–сәуірде кішігірім топ болып пайда болады. Жиі қарабас өгізшағаламен, қаратұмсық қарқылдақпен және үлкен қарқылдақ шағаламен бірге бас қосып, ұя салады.

Дәл мұнда, көл жағалауында, бірнеше жыл қатарынан мамыр айының басында бердвотчерлердің алғашқы және жалғыз "Алакөл Қанаттары" атты фестивалі өтеді. Фестиваль бүкіл Қазақстаннан, тіпті, шетелден келген құссүйгіштерді де өз қанатының астына жинайды. Ұйымдастырушылар қатысушыларды құстарды бақылау үшін қажетті аппаратурамен, сондай-ақ төңірекпен қозғалуға арналған көлікпен қамтамасыз етеді. Ал кешкісін, кәсіби орнитологтар өз білімдерімен жаңа келген қатысушылармен бөлісіп отырады.

Сөз реті келгендіктен айтсақ, реликтілік шағаланы көру үшін қорықтың аумағына кіру міндетті емес, шағалалар жекелеген жұптармен жағалау бойымен қозғалып, орын ауыстырады, оларды мұнда бақылап қана қоймай, суретке түсіріп те алуға болады.

Қызыл қоқиқазкүнбатыс баласы

Еліміздің дәл ортасында елордаға (Астана қ.) жақын жерде Қорғалжын қорығының аумағында қызыл қоқиқаздың (Phoenicopterus roseus) Еуразиядағы солтүстік колониясы мекен етеді. Бір маусымда қоқиқаздың популяциясы 60 мың дараға дейін жетеді. Күздігүні бақылау үшін ең ыңғайлы уақыт–көші-қону кезеңі, бұл кезде Иранға, Ауғанстанға, Пәкістанға қыстап шығуға ұшар алдында, қоқиқаздар бір топ болып жиналады.

Мұнда, сонымен бірге, (міндетті түрде көру қажет!) сирек ұя салатын көшпелі тарғақ құсты (Chettusia gregaria) да атап өткен жөн. Және де бозторғайларды–қара (Melanocorypha yeltoniensis) және ақ қанатты (Melanocorypha leucoptera).

Тауқұдыреттердің жерұйығы

Шығыс Қазақстандағы Батыс Алтай таулары шетел бердвотчерлер үшін алдымен, тау маңқысының (Gallinago solitaria), азиялық тауқұдыреттің (Gallinago stenura), орман маңқысының (Gallinago megala) болуымен қызығушылық тудырады. Қазақстандықтардың арасында бұл өңір, еліміздің басқа өңірлерінде жоқ, құстардың сібірлік түрлерінің арқасында танымал болды: шіл (Tetrastes bonasia), абдырақ (Perisoreus infaustus), сұр суықторғай (Pyrrhula cineracea), қызылтамақ бұлбұл (Luscinia calliope) және т. б.

Шіл

... Бердвотчингпен әуестену, жанға да, тәнге де пайдалы екені сөзсіз. Құстарды бақылай отырып, біз, әлемді тани бастаймыз, анағұрлым таза әрі жақсы болып, табиғатты қадірлей бастаймыз. Одан басқа, физикалық төзімділік те жоғарылайды, себебі қандай да бір қызықтырған құсқа жету үшін кейде адам сенгісіз күш-жігер жұмсау қажет: тауға өрмелеу, қалың орман арқылы "тесіліп өту", бірнеше шақырым жерді жаяу жүріп өту. Бірақ, мұның бәрі құмарлық пайда болған кезден ғой, ал әзірше, өз үйіңнің ауласындағы құстарды бақылаудан бастауға болады! Маған сеңсеңіз, құстар өмір сүретін "параллельді әлем" Сізді қоршайтынын білгенде, қайраң боласыз!