Мұражай / Этно-мемориалды кешен
"Абылай ханның резиденциясы" мұражай-кешені
Абылай хан - дала халқының бірігіп, Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы билеуші
"Абылай ханның резиденциясы" мұражай-кешені
Абылай хан - дала халқының бірігіп, Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы билеуші
Абылай ханның өмір жолы - ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихының баға жетпес дереккөзі болып табылады. Ал кемеңгер билеушінің аймақтық және саяси тәуелсіздік, ынтымақты сақтау жөніндегі асыл ойлары мемлекетіміздің заманауи мүдделерінде айқын көрініс тапқан. Сол себепті де, Қазақ ордасының ұлы ханына қатысты тарихи және мәдени мұраны сақтау және қорғау аса маңызды. Осы орайда, Петропавл қаласында орналасқан "Абылай ханның резиденциясы" мұражай-кешені өз қызметін өте сәтті жүргізіп келеді.
Мұражайдың негізгі мақсаты - Абылай хан тағылымды өмірі мен ерен еңбегін дәріптеу болып табылады. Кешен хан есімімен байланысты деректер мен жәдігерлер жинақталған 4 залдан тұрады. Бірінші зал Абылай ханның балалығы мен жастық шағы, шығу тегі тақырыптарын ашады. Екінші залда хан пана еткен дәстүрлі қазақ тұрғын-үйі көрсетілсе, үшінші залда тұрмыс заттары мен киімдері, қару-жарағы және Абылайдың бейнесін жаңғыртқан мүсін қойылған. Төртінші залда келушілер қазақ билеушісінің адамдық тұлғасымен, дарынды елші және көреген саясаткер ретіндегі қызметімен таныса алады.
"Абылай ханның резиденциясы" мұражай-кешені - әр ізденімпаз саяхатшы үшін ғаламат олжа және Солтүстік Қазақстанның барлық қонақтары үшін естен кетпес орын.