yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ежелгі қала

Жабғу сарайы – Жанкент көне қалашығы

Ортағасырлық жазба деректерінде Жанкент атауының бірнеше нұсқасы кездеседі. Десек те, көне атаулардың барлығы да «жаңа қала» деп аударылады екен.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Қызылорда облысы

Жабғу сарайы – Жанкент көне қалашығы

Ортағасырлық жазба деректерінде Жанкент атауының бірнеше нұсқасы кездеседі. Десек те, көне атаулардың барлығы да «жаңа қала» деп аударылады екен.

Жабғу сарайы Сырдарияның төменгі ағысының сол жағалауында, қазіргі Қызылорда облысындағы Қазалы қаласының оңтүстік-батысына қарай Әйтеке би (ертеректе Қазалы) кентінен 25 шақырым Жанкент ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Көне Жанкенттің қалдықтары біздің заманымызға дейін сақталып, ескі дәуірдің ескерткішіндей дала төрінде бой түзеп тұр.

Қалашық 16 гектар ауданды алып жатыр. Төртбұрыш пішіндес қалашық өлшемдері 415 * 230 метр (шығыс бөлігінде 320 метр). Тарихи құрылыстың қорғаныс шебі жақсы сақталған. Шығыңқы келген жартылай шеңберлі бағаналары бар сазбалшықтан салынған қабырғаларды анық көруге болады. Қорғанның бойында арақашықтығы 25-40 метр болатын бекініс мұнаралары салынған. Қаланың қақпасы шығыстағы айналма қақпаның ортасына қарай орналасқан. Мұндағы ірі кіреберіс құрылымдарының қалдықтары соны айғақтап тұр. Шығыстан батысқа қарай созылып жатқан бас көше қалашықты екіге бөліп жатқандай. Қалашықтың бас қамалы – ескерткіштің солтүстік-шығыс аумағын алып жатқан, 110*110 метр өлшемді шаршы пішіндес құрылыс. Бүгінде бұл цитадельдің қалдығы айналасынан 8 метрге биігірек жатыр.

Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстар, арасында тоқтатылып, кейін қайта жалғасып, 15 жыл бойы (2008 және 2010 жылдары) жүргізілген. Осы уақыт аралығында ескерткіште Қазақстаннан Қызылордадағы Қорқыт университеті, Ресейден РҒА Этнология және антропология институты және Германиядан Тюбинген университеті бірлескен археологиялық экспедиция ұйымдастырылды.

2021-2022 жж. Кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Бұл маңдағы ең ірі елді мекен – Әйтеке би кенті. Көне Жанкентттің өзі Өркендеу ауылына жақын орналасқан. Өркендеуге GPS-навигатор көмегімен бағдар салып, өз көлігіңізбен немесе қалашыққа дейін жергілікті туристік фирмалар ұйымдастыратын экскурсияларға қатысып жете аласыз.

Орналасу және тамақтану

Егер тур құрамында саяхаттасаңыз, тамақтану және орналасудың жайы ұйымдастырушыларға жүктеледі. Ал өз бетіңізбен сапарламақ болсаңыз, бар қажеттілігіңізді өзіңіз шешуге дайын болыңыз: шатыр құруды үйреніп, саяхат барысына жеткілікті болар азық-түлікті қамдап, тамақ дайындауға қажетті құрал-жабдықтарды дайындап қойыңыз. Жол-жөнекей кездескен ауыл-аудандардағы дүкендерде сауда жасап, қорыңызды толықтыра аласыз.

Суреттерді ұсынған: Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті