yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ежелгі қала

Басқамыр ортағасырлық қалашығы

Қарағанды облысындағы Басқамыр ортағасырлық қалашығы –дәуірлеген кезеңі VIII-XII ғғ. кезеңіне сай келетін Ұлытауға жетер жолда орналасқан киелі мекен.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Қарағанды

Басқамыр ортағасырлық қалашығы

Қарағанды облысындағы Басқамыр ортағасырлық қалашығы –дәуірлеген кезеңі VIII-XII ғғ. кезеңіне сай келетін Ұлытауға жетер жолда орналасқан киелі мекен.

Басқамыр қалашығы Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Сонымен қатар осынау тарихи сәулет ескерткіші қайта жөндеуден өтуі керек нысан болып табылады. Басқамырды көп жағдайда оғыздардың хандақ тайпасының Хиам қаласына ұқсатып жатады.

Ежелгі шаһардың қалдықтары шеңбер қалпында сақталған. Оның ортасына трапеция түріндегі цитадель қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылған. Цитадель аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде 7 бөлме, ошақтар мен пештер табылған. Бұрыштардың бірінде екі метрден сәл-пәл биік мұнара, ішкі солтүстік бұрышта суға арналған шұңқыр болғаны анықталды. Таза су қамалға арық арқылы жеткізілген.

Қалашықтың сыртқы сипатына назар салса, дуал деңгейінде сақталып қалған 2 қорғаныс шебін анық байқауға болады. Сыртқы дуалдың кеңдігі орта есеппен 6 метр, биіктігі 1,5 метр.

Қалашық аумағында бұта өскен ойпат қалыптасқан. Ғалымдардың пайымдауынша, дәл осы ойпат орнында қала-бекіністі сумен қамтамасыз еткен су айдыны болған.

Қалашық бекінісінен бөлек Басқамырдың маңында қорым, күзет мұнарасы, үңгір-шахта сияқты бірегей нысандар бар.

Басқамыр қорымы бекіністен оңтүстікке қарай, күзет мұнарасының қирандылары қалашықтан бір шақырым жерде, Керегетас төбесінде орналасқан. Тас пен балшықтан қаланған мұнараның бүгінгі жұрнағының биіктігі 3 метрдң құрайды.

Қамал соңғы рет 1994 жылы қайта жөндеуден өтіп, қалпына келтірілген. Бізге жеткен Басқамырдың келбеді сол кездерден еш өзгермеген.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Басқамыр қалашығы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласынан 79 шақырым, Талдысай ауылынан солтүстікке қарай 300 шақырым қашықта, Жезді өзенінің бойында орналасқан. Қала қирандыларына экскурсиялық топтың құрамында немесе жол талғамайтын көлігіңіз болса, өз бетіңізбен жете аласыз. Жолыңыз Жезқазғаннан басталса, Сәтбаев қаласы арқылы жүргеніңіз жөн, 1 сағаттай уақыт кетеді. Ұлытаудан оңтүстікке бағытталған тасжолмен жүрсеңіз, Басқамырдың орнына 40 минутта (54 шақырым) барасыз. Одан бөлек, көне қалашыққа Жезқазғаннан және Ұлытаудан қатынайтын автобустардың бірімен жете аласыз. Мұндай жағдайда жүргізушіге қалашыққа қарама-қарсы тұста түсуіңіз керектігін ескертіп қойыңыз. Қалған 200 метрді жаяу жүріп өтуге тура келеді.

Орналасу және тамақтану

Азық-түлік пен сусынды алдын ала ірі елді мекендерде сатып алып, қамдап алыңыз. Қонатын болсаңыз Жезқазғанның не Ұлытаудың қонақүйлерінің біріне орналаса аласыз.