yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourismЛоготип Kazakhstan travel

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourismЛоготип Kazakhstan travel

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Шығармалар

Бурабайдағы күз

  • Табиғат

Табиғаттың бірегейлі аурасын сіңірген жерлер әрбір келушілерді тежелмес ықыласпен зақымдайды – осы жерлерге қайта оралу.

Егер курортта бірде-бір адам болмаса, онда маусым автоматты түрде "өлі маусым"-ға айналады. Күмәнді тезис! Өйткені,ормандар мен көлдердің мәдени-демалушылардың бақытты айғайларымен жаңғырылмайтыны – олардың өліп құруларын мүлде білдірмейді. Керісінше, адамдар сүйікті өркениеттеріне оралғанда,табиғат өзінің бастапқы тыныштық күйін орнатады. Дәл сол кезде риясыз қадірлеушілердің және бағалаушылардың нағыз уақыттары келеді!

1.Егер Бурабайды, оның шын күйін көруге жәнесезінуге талпынсаңыз, онда «өліара», яғни күз кезеңінде міндетті түрде келіңіз!

2.Тіс қаққандар үшін Бурабай аттас көлменшектелмей, бүкіл Көкшетауды да қамтиды – шыңдардың, суайдындардың, бірбеткейгранитті жартастардың, қисайған қарағайлардың және салқын мүктердің барлықконгломератын.

3.Мұндағы күз – қазақстандық шексіз далаларындатас таулардың шыңдарына ілінген өткеннің релікті жаңғырығы.

4.Табиғаттың мұндай ерекше туындыларын ақын номадтармен құдай деп көргені және әулиелік әкиекпен қоршағаны мүлде бекер емес.

5.Оқжетпес (жердің таңбасы!) сияқты айқын әрбіржартас – мұнда ескі замандарда орын алған, тас болып қатқан ғажап нәрселер туралы хикая.

6.Бұл, бүкіл «Далалы Швейцарияға» ат бергенБурабай – басқа барлық жергілікті ғажайыптармен өткізіп тізілген білік тәріздес.

7.Бірақ, мұнда, айналада тағы жарты жүзден кемемес бірқилы көлдер бар, олардың көбісі – Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты,Жөкей, Қотыркөл – әдемі әрі таңғаларлық.

8.Мәңгі жасыл қарағайлар басым болған классикалық Көкшетаудағы күз, Алтай немесе Іле Алатауында сияқты аралас және бекзатты болмаса да, қонақтарды елтітіп, арбаудан кем емес.

9.Бұл – Қазақстанның солтүстігі, сол себепті «алтын мезгіл» тез өтіп кете алады және кенеттен ұшып келген далалы желдердің әсерінен уақыттың бір мезетінде бітіп те қала алады.

10.Кездейсоқ құйындар жапырақтарды жерге түсіріп,қайыңдардың сыбырлауын бәсеңсітіп, бірден атмосфераны басқа бір дыбыстармен толтырады: қарағайлардың зуылдарымен, шөптердің ысылдауымен және толқындардың бірқалыпты гүрілімен.

11.Бірақ, жел жоқ болған кездері, Көкшетауларындағы күз мезгілі феноменалды тыныштықпен ерекшеленеді.

12.Сондай сәттерде орманның түрлі жерлерінентиіннің ағаш қабығын кішкентай табандарымен тырнауы және үркек бұғылардың әсерінен түскен қарағай қылқандарымен сыбдырлауы естіледі.

13.Мұндағы ауаны басқа елдерден мүлде таба алмайсың, бұрынан әлсіреген, шаршаған және көкірек ауруы бар адамдар ауамен емделу үшін осында жиналған.

14.Күзде, әдетті иістер гаммасына (күнді сіңірген гранит, көл суының, гүлденген шөптердің, буланған қарағай қылқандарының)философикалық хош иіс(далалардың солған, түскен жапырақтардың, сулы мүктердіңжәне жарыққа шығып жатқан саңырауқұлақтардың) қосылған кезде Бурабай ауасы текденені емдемей, тәніңді де емдеуге шамасы келеді!

15.Күзгі салқындық ұзын жаяу жүру серуендеріне арбайды. Жергілікті ормандардың бақтық сипаты бағыттарды таңдауда күрделілік туғызбайды.

16.Кез келген жергілікті тауға (тіпті, биіктігі 947метр болатын Көкше тауына болса да) кез келген көтерілу, көз алдыңызда жүздеген шақырымдарға айқара ашылатын алыс жақтар шынайы тереңдігімен бүкіл қалған өмірге есте қалатыны сөзсіз!

17.Табиғаттың бірегейлі аурасын сіңірген жерлер әрбір келушілерді тежелмес ықыласпен зақымдайды – осы жерлерге қайта оралу.

18.Маған сеніңіз, бұл үшін халыққа көп жиналғаншулы жазды күту міндетті емес – Бурабаймен кездесу жылдың әр уақытында орынды!

19.Күзге келсек, мұнда ол аса қарқынды – кейде,тіпті, қыркүйек айында жаз бітіп, қыстың бастап кетуі де мүмкін.

20.Бірақ-та, Көкшетауда қыстың күзден нашарекенін кім айтты?