yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бет

Шығармалар

Қазақстанда қызғалдақтардың гүлденуін қайда және қашан көруге болады

  • Табиғат

Қазақстан - қызғалдақтардың отаны. Бүгінгі күнге бұл айғақ барлық ғылыми қауымдастықпен мойындалған.

Жыл сайын көктем келген кезде, шабыттанған Жаратушы өзінің қылқаламымен ертегінің суретін Жер бетін қысқы ұйқыдан босата отырып салып жатқандай Қазақстанның далалары қызыл-сары-қызғылт-сары-ақ және бұлыңғыр түстерге танымастай өзгереді. Кей жерлерде жеңіл-желпі сызықтар көрінеді, ал басқа бір жерлерде оның қылқаламы ұзағырақ тоқталған сәттерде, көз жеткен жердің бәрі түрлі-түсті жарықтармен қапталады. Сіз, мүмкін, қандай гүлдер туралы сөз қозғалып жатқанын түсініп та қойған шығарсыз? Әрине, бұл - қызғалдақтар!

Қазақстан - қызғалдақтардың отаны. Бүгінгі күнге бұл айғақ барлық ғылыми қауымдастықпен мойындалған.

Он миллионнан астам жыл бұрын мұнда пайда болған бұл тұқым өкілдері заман өте келе бүкіл әлемге таралып кеткен. Айта кетсек, Голландияға, адамдардың қызғалдақтармен ой байланыстыратын елге, бұл гүлдер небәрі 400 жыл бұрын ғана келген. Осы қызғалдақтардың арғы ата-тегтері, Түркияда, Қара теңіз маңында, сондай-ақ, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде өсетін Шренк қызғалдағы болған деп есептеледі.

Орталық Азияның 65 белгілі қызғалдақтардың түрлерінен (бұл әлемде жабайы өсетін барлық белгілі қызғалдақтардың жартысынан көбі) Қазақстанда шамамен қырық түрі өседі, сонымен қатар, ғалымдардың пайымдауынша, бұл әлі де нақты ақырғы сан емес, себебі соңғы он жыл ішінде ғана голландиялық және қазақстандық ботаниктері ғылым үшін үш жаңа түрді сипаттаған болатын, олар: Леммерс қызғалдағы (Tulipalemmersii), Колбинцев қызғалдағы(T.kolbintsevii) және Батыс Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатау тауларында табылған, Иващенко қызғалдағы (T.ivasczenkoae).

40 түрдің ішіндегі 11-і Қазақстанның эндемиктері болып саналатынын, ал 18-і Қызыл кітапқа енгізілгенін айта кеткен жөн.

Түркі халықтарының гүлі

Бұл гүл көптеген түркі халықтарының ұлттық ою-өрнектерінде бар. “Қызғалдақ, Түркі әлемінде ерекше танымалдылығына ІІІ Ахмед билік етіп отырған уақытта, XVIII ғасырдың бірінші үштен бір кезеңінде ие болған. Сұлтан және оның жақтасы, ұлы уәзір Дамад Ибрагим-паша осы нәзік гүлдерді аса қатты ұнатқан, оларды сатып алуға қыруар ақша жұмсаған және тіпті, өздері жаңа сұрыптарды шығарған болатын. Бұл кезең тарихқа "қызғалдақтар дәуірі" (laledevri) ретінде кірді“, - дейді,Татарстан Республикасы мүфтиінің бірінші орынбасары Рустам Батыр.

Қызғалдаққа табыну куәгерлігі Қазақстанда да белгілі: Айша-Бибі мен Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріндегі кірпіштер мен қаптама тақтайшалардағы оюлы безектер мен көп бояулы суреттер.

Қызғалдақтар және экотуризм

Мүмкін, біздің уақытта, біз сіздермен Орта Азияда қызғалдақтарға деген махаббаттың жандану дәуірінің куәгерлері болып қалармыз. Мүмкін, Қазақстанға жуық арада өзінің "Қызғалдақтар дәуірі" де келіп қалар? Біздің қызғалдақтар бүкіл әлемнің, әсіресе, Батыс Еуропа мен Жапониядан келген экологиялық туристтердің ықыластарын аудартады. Фестивальдердің, гүл мерекелерінің, қызғалдақтардың гүлдену орындарына жасалған саяхаттардың, оның ішінде мектеп оқушыларына және студенттерге арналған саяхаттардың арқасында қызғалдақтарға деген қызығушылық қазақстандықтардың өзінде де міндетті түрде пайда болады. Табиғаттың осы бір ғажайып жаратылысына наурыз айының соңынан шілде айының ортасына дейін сүйсіне қарауға болады. Бұған қоса, тек сүйсіне қарап қана емес, сондай-ақ, ғылым үшін жаңа түрлерді ашуға болады! Міне, бүгінгі күннің өзінде, Қазақстанда тақырыптық фестивальдер өткізіліп жатыр: "Қызғалдақтың отаны – Қазақстан" және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығындағы "Қызғалдақтар мерекесі".

Қайдан көруге болады

Қызғалдақтардың қандай да бір түрлерінің орналасуын шамалап біле отырып, оларға өздігінен автокөліктермен, және де туристік фирмалардың ұйымдастыруымен де жетуге болады. Қазақстанда қызғалдақтарды барлық жерлерде кездестіруге болады: Солтүстік жазықтарда (жатаған қызғалдағы – T.patens, Биберштейн қызғалдағы – T.biebersteiniana), далалар мен шөлейттерде (Шренк қызғалдағы – T.schrenkii), шөл далаларда (Борщов қызғалдағы – T.borszczowii,Бем қызғалдағы – T.behmiana), тау етектерінде, тауларда және тіршіліктің ең жоғарғы шегінде – альпілік шалғындықтарда (Дасистемон Тарда қызғалдағы – T.dasystemon,алажапырақты қызғалдақ – T.heterophyllа), Батыс Тянь-Шаньның жасыл алқаптарының арша орманның арасынан Кауфман қызғалдағын (T.Kaufmanniana), айтпақшы, бұл - эндемик.

Солардың ішіндегі, танымал және танысуға қолжетімді түрлеріне толығырақ тоқталайық.

Грейг қызғалдағы (T.gréigii). Жекелеген жерлерде, тығыздығы бір шаршы метрге алпыс гүлге дейін жететін, гүлдеп тұрған қызғалдақ дараларының ауқымды алаңдары сізді таң қалдырады. Мұндай "қызыл төбешіктер" бірнеше шақырымнан көрінеді. Грейг қызғалдақтарының популяциясы бар қорғалатын аумақтардың көбісі Түркістан облысының (бұрынғыда Оңтүстік Қазақстан) – Ақсу-Жабағылы мен Қаратау қорықтарында, Сайрам-Оғам және Сырдария-Түркістан ұлттық саябақтарында, сондай-ақ, "Қызыл төбешік" мамандандырылған ботаникалық қорықшасында орналасқан. Жамбыл облысында тек екі қорықша – Беркара және Мерке.

Кауфман қызғалдағы (T. kaufmanniana) – екі жүзден астам мәдени сұрыпталымдардың ата-тегі болып табылатын, қазақстандық түрлердің арасында маңыздылығы бойынша екінші орында. Бұл түр Батыс Тянь-Шань тауларында (Оғам жотасынан Қырғыз Алатауының батыс бөлігіне дейін) және Қаратауда ғана таралған. Гүлдену уақыты наурыз айының соңынан қарай басталып, аласа тауларда маусым айының соңына дейін немесе таулардың жоғарғы белдеулерінде шілде айының басына дейін жалғасады.

Альберт қызғалдағы (Т.alberti) – Қызыл кітапқа енгізілген, Қазақстанның эндемигі. Сырдариялық Қаратау, Шу-Іле тауларында, Бетпақдала шөл даласының оңтүстігінде, Шолақ тауларында және Қапшағай су қоймасының жағалауында кездеседі. Сәуір айының басынан мамыр айының бірінші он күндігінің соңына дейін гүлдейді.

Островский қызғалдағы (T.оstrowskiana) 1884 жылы Алматы қаласының маңынан Э. Л. Регельмен сипатталған. Тау бөктерінде, Іле Алатауының төменгі және ортаңғы белдеулеріндегі бұталардың арасында, Шу-Іле тауларының оңтүстік бөлігінде және Қырғыз жотасының шығыс бөлігінде өседі. Сәуір соңынан мамырайының ортасына дейін гүлдейді.

Регель қызғалдағы (T.regelii) – барлық қазақстандық қызғалдақтардың арасындағы ерекшесі болып келетін, Шу-Іле тауларында жинаулар кезінде 1887 жылы А.Н. Красновпен сипатталған. Ол сол таулардың эндимигі болып табылды. Шөгінділерде, тастақты бөктерде және құзды шығынының шоқыларында, құрғақ және ыстық мекендеу жерлерінде өседі. Таралу аймағы Шу-Іле тауларының барлық сілемдерінің бойымен оңтүстіктегі Құрты өзенінің алқабынан солтүстіктегі Жамбыл тауларына дейін созылған, ежелгі релікті түр. Өте ерте гүлдейді - наурыз айының соңында-сәуір айының аяғында.

Кеш қызғалдағы (T. tarda) - берілген топтың анағұрлым жақсытанылатын өкілдерінің бірі. Сәуір айының ортасынан мамыр айының ортасына дейін гүлдейді. Тастақты және құрғақ қиыршықты тау баурайларында, таулардың төменгі және ортаңғы белдеулеріндегі бұта қопаларында өседі. Іле Алатауының батыс бөлігінде және Жетіжол жотасында – Ұзын-Қарғалы шатқалынан Қарақоңыз сайына дейін кездеседі. Басқа жерлерге қарағанда, Қарақоңыз сайында, гүлдері таза сары болатын түрлері жиі кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл түрдің таралу аймағы, тек бір бөлігімен ғана көршілес Қырғызстанға тиіп тұр.

Бузе қызғалдағы (T. buhseana). Республиканың оңтүстік өңірлерінде – Арал маңынан Балқаш-Алакөл қазандығына (Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстік бөліктеріне) дейін таралған. Наурыз-сәуір айларының соңында гүлдейді, мамыр айының соңы-маусымда жеміс береді.

...Сірә, қызғалдақ түрлерінің санына еңбай, аумағында 18 түр өсетін Жамбыл облысы болып табылады! Олардың, әрбіреуінің таралу аймағы, әрине, бір облыстан артық болып келеді, бірақ, дәл осында, қаласаңыз бір сапар шегу кезінде олардың барлығын бірден көруге болады!