menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бетМаршруттар

Баянауыл

3 күнЭкскурсиялық турПавлодар облысы

Бағыттың құны

Тур жайлы

Баянауыл таулары Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның ұсақ шоқыларының ең шетінде орналасқан. Орманмен көмкерілген, көптеген көлдері бар тау алқабы – жазық даланың дәл ортасында, көз алдыңызда кенеттен пайда болатын нағыз шұрат. Бұл аумақта 1985 жылы ұлттық саябақ құрылған болатын. Баянауылдың бір ерекшелігі – оның әрбір тау мен тасы, әрбір көлі тарихтан сыр шертіп, аңыз әңгімелер айтады, олардың атаулары да белгілі бір тарихи оқиға немесе ежелгі аңызбен байланысты. Туристерді әсіресе пішіндері ерекше әрі соған байланысты атауларын алған тастар қызықтырады: мысалы, Кемпіртас, Саймантас, Найзатас және басқалары. Баянауылға келсеңіз, Жасыбай көлінің маңында тұрақтау міндетті емес (себебі басқа көлдерде де демалысқа арналған инфрақұрылым бар), алайда, дәл осы жерде қайнап жатқан өмір ортасында болатыныңыз анық. Жасыбайдың жағажайы да, – көпшіліктің ойына сүйенсек, басқаларынан жақсы. Қарағанды / Павлодар Жасыбай Тау тізбектерінің арасындағы қазаншұңқырда орналасқан Жасыбай көлі туристер арасында аса танымал: демалыс үйлері, мейрамханалар мен дүкендердің көбі осы жерде шоғырланған. Көлдің атауы жоңғарларға қарсы шайқасқан, әскер жасағын басқарған Жасыбай батырдың құрметіне қойылған. Кемпіртас Кемпіртастың ерекше бейнесін түсіндіруге тырысатын аңыздардың нұсқасы көп. Солардың біріне сәйкес, соғысқа аттанған жалғыз баласын күте-күте қайғырған ана тасқа айналып кеткен екен. Торайғыр Торайғыр көлінің атауы – балалық шағы Баянауыл тауларында өткен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімімен байланысты (ақынның мазары көлдің шығыс жағалауынан шамамен бір километр жерде орналасқан). Бұл көл балық аулаушылар арасында, негізінен, сазан балығы көп болғандықтан танымал. Қандыағаш тоғайы Торайғыр көлінің оңтүстік-батыс жағалауында Қызыл кітапқа енген реликт жабысқақ қандыағаш тоғайы бар, бұл жерде суы мөп-мөлдір бұлақ ағып жатыр. Қандыағаш ұлттық саябақтың басқа жерлерінде де өскенімен, дәл осы тоғай көпшілікке танымал. Түрлі халық өкілдері бұл ағашты киелі деп қастерлеп, тіпті магиялық қасиеттері бар екеніне сенеді. Жасыбай Саймантас Саймантас – Баянауылдағы ең танымал жартастардың бірі. Кейбір ежелгі мәдениет өкілдері бұл тастарға табынған болса, таң қалмас едік. Тастың бейнесі, әрине, қызық көрінеді, бірақ дәл осының салдарынан туристер арасында кеңінен танылып барады. Қоңыр әулие үңгірі Аңыздарға сүйенсек, топан судан аман қалған әулие адам осы үңгірдің ішін мекендеген екен. Қазіргі күні адамдар бұл жерге үңгірдің ішіндегі қасиетті көлдің суымен жуынып, тілек тілеу үшін келеді. Мұнда бала көтеру ниетімен келген ерлі-зайыптыларды да жиі кездестіруге болады. Жасыбай көлі Қарағанды / Павлодар must do! – Жақын арада бала көтеруге ниетті әйел адам болсаңыз, Қоңыр әулие үңгірінде түнеп шығыңыз. – Қайық жалдап, Жасыбай көліндегі «Махаббат аралына» барып көріңіз (әрине, сүйген жарыңызбен бірге). Бұдан бөлек Баянауыл тауларын ұзақ уақыт бойы аралап зерттеуге болады. Төңіректі Ақбет шыңынан (биіктігі 1022 метр), яғни алқаптағы ең биік таудың үстінен тамашалауға кеңес береміз. Бұл жерге Жасыбайдан 4-5 сағатта, ал Торайғыр көлінен екі есе аз уақытта жетуге болады. Одан басқа, жағасында Баянауыл ауылы орналасқан Сабындыкөлге (бұл жерде де демалыс орындары бар), және де басқа көрікті орындардан шалғай жатқан Біржанкөлге (бұл жерде көп адам кездестіруіңіз екіталай) ат басын бұруыңызға болады. 1826 жылы құрылған Баянауыл ауылын да барып көруді ұсынамыз.

Картада