Ежелгі қала

«Ақыртас» сарай кешені

«Ақыртас» сарай кешені әлемдік ғалым қайраткерлерінде үлкен қызығушылық тудыра, оның зерттеу жұмыстары бүгінгі күні әлі жалғасуда.

Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

Time left

Location

Жамбыл облысы

«Ақыртас» сарай кешені

«Ақыртас» сарай кешені әлемдік ғалым қайраткерлерінде үлкен қызығушылық тудыра, оның зерттеу жұмыстары бүгінгі күні әлі жалғасуда.

Ерекше «Ақыртас» сарай кешені Жамбыл облысының Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл ортағасырлық мәдениеттің ескерткіші ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Керемет құрылымның тарихы көптеген құпиялармен тығыз байланысты, сондықтан ғалымдар оның пайда болуы теорияларын әлі де ұсынуда. Қазіргі Ақыртас – бұл, үлкен тас блоктардың қалдықтары, оның құрылысы өткен ғасырларда іс жүзінде мүмкін емес болған, бұл көптеген ғалымдар мен этнографтарды таңғалдырады. Сарай ғимараты төрт бөліктен тұрады, ал кешен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған тау разрезін, саябақты және тұрғын үй құрылыстарын қамтиды. Ақыртастың қабырғалары өте қатты және берік, ал ғимарат іргетасының биіктігі 4 метрге дейін жетеді. Кешен тұрғындары сумен қамтамасыз етілген, себебі жақын арада орналасқан бұлақтардан сужеткізу жүйесі салынған еді.

«Ақыртас» сарай кешені әлемдік ғалым қайраткерлерінде үлкен қызығушылық тудыра, оның зерттеу жұмыстары бүгінгі күні әлі жалғасуда.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourists routes

Тараз және оның төңірегі

Экскурсиялық тур
Әйгілі «көпестер шаһары», Тараз қаласы – Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде зор маңызға ие, осы сауда торабымен бір уақытта құрылған, 2000 жылдық тарихы бар мекен. Тұтас қазақ жеріндегідей, мұндағы сауда-саттық, Түркі қағанатының құлауымен қыза түскен. Бірақ, Тараздың тарихы әлдеқайда терең. Оған куә болып отырған қала маңындағы Ақыртас қалашығы – VIII ғасырға жататын кедір-бұдыр құрылыс, немесе тауға қарай таяуда кездесетін 3000 жыл бұрын тасқа қашалған суреттер. Соңғы кезде Тараздың қақ ортасында, бұрын сауда қайнап тұрған базардың орнында қазба жұмыстары жүргізіліп, шаһардың ескі келбетін қайта құру бойынша жұмыс басталып кетті. Мұражайлар құрылып, туристерге қолайлы жағдай жасала бастады. Алматы Ақыртас Ғалымдардың айтуынша Ақыртас VIII ғасырда араб қолбасшысы Күтейбінің бұйрығымен алып тастардан салынған. Оған архитектуралық пішіні жағынан сириялық Пальмирадан алыс емес жерде орналасқан 728 жылғы Каср әл Хайр әл Шарки сарайы ұқсас келеді. Тектұрмас Аңызға орай, бұл кесене исламды тарату бойынша қызметімен танылған Тектұрмас атты әулие Сұлтан Махмұд ханның мазары. Археологтар бұл жерде ислам салтымен жерленгендерден басқа, христиан және зороастризм мәдениеті бойынша салынған қабірлер де тапқан. Оған қоса, осы жерден Таразға керемет бір көрініс ашылады. Қарахан Бұл кесене IX ғасырда, бүкіл Орта Азияға әмірі тараған Қарахан династиясы билеушілерінің бірінің басында салынған деп саналады. Кесененің бетіндегі кірпіш қазіргі заманға тиесілі болғанымен, тарихшылардың айтуынша, ішіндегі кейбір кірпіштер сол қарахандықтар заманынан сақталған екен. Басқа сөзбен айтқанда, тарихқа «қол ұшыңызды тигізу» үшін, кесенеге кіргеніңіз жөн. Ежелгі Тараз Он жыл бұрын бұл жерде (яки мұның үстінде) үлкен базар болған. Бұл орын үшін, қала басшылығын алдымен базар тұрғанына қарамастан қазба жұмыстарын бастап кетуге, кейін бұл сауда орнын тіпті көшіріп тастауға көндірген ғалымдарға алғыс айту керек. Қазіргі күні мұнда тарих пен кейінгі заман тоғысқан осынша үлкен жоба іске асырылуда. Айша бибі мен Бабажы қатын Жазбаларда бұл екі керемет кесененің құрылысы туралы ешқандай ақпарат сақталмаған. Тек батыр Қарахан мен сұлу Айшаның махаббаты, және қыздың бағушысы туралы аңыздар ғана бар. Бұл оқиғаға сай, Айша жылан уынан өлген соң, қайғырған Қарахан сүйіктісіне арнап кесене салдырған екен. Ал, Айшаға адал Бабажы қатын өмір бойы сол мазарға қамқор болып, өлген соң оның басында да бір кесене көтерілген. Тараз Алматы Must do! - Айша бибі кесенесіне кірместен оның сыртынан сағат тіліне қарсы бағытта қабырғасына қол тигізе жүріп, үш рет айналу керек (жергілікті дәстүр сондай). - Әулиебастау атты бұлаққа барып қайтыңыз. Ол соған аттас қалашықтың маңында, Тараздан 30 шақырым жерде орналасқан. Жыл бойы Цельсия бойынша +16 градусты сақтап тұратын, құрамында көптеген минералдар мен микроэлементтер бар оның суы емді деседі. Бұдан бөлек Тарихты одан терең білем десеңіз, Тараздың шығысындағы тауларға қарай орналасқан Қарасай шатқалына барып қайтуыңызды ұсынамыз. Бұл жерде қола және ерте темір дәуіріне жататын көптеген тасқа қашалған сурет таба аласыз. Ал, Тараздан Алматыға дейінгі жолда Меркеге соға аласыз. Мұндағы Қырғыз тау жотасының әсемдігі жергілікті тарихи мұрамен сәтті үйлескен.

Tourist attractions