menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Үңгір

Кенесары үңгірі

Бурабайдағы басты көрнекті орындардың бірі Үш жүздің соңғы ханы, қасық қаны қалғанша ел тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткер - Кенесары атымен аталған.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

4 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

1800-2000

Орналасу орны

Орналасу орны

Ақмола облысы

Кенесары үңгірі

Бурабайдағы басты көрнекті орындардың бірі Үш жүздің соңғы ханы, қасық қаны қалғанша ел тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткер - Кенесары атымен аталған.

Кенесары хан - Қазақстан тарихында есімі алтын әріппен жазылған үш жүздің соңғы ханы. Хан Кененің әуестіктері ішінде аңшылық ерекше орын алғаны белгілі. Аңшылық кезінде хан осынау үңгір орналасқан шоқының бөктерінде жиі қонып жүрген деседі.

Кенесары үңгірінің табиғи құрылымы киіз үйді еске салады. Табиғи ескерткіштің жоғарғы бөлігінде үйреншікті шаңырақтың орнында шеңбер пішініндегі саңылау орналасқан. Үңгірге апарар жол тас баспалдақтардан құралған. Дәл осы жерде көрген көзді сүріндірер әсем көрініс пайда болады - Әулиекөлдің айнадай айдынына түскен әрбір сәуле шағылысып, көл бетін одан сайын жарқырата түседі.

Кенесары үңгіріне жасалатын экскурсия маңызды тарихи сарынға ие болғандықтан, жергілікті гидтер келуші қауымға осы ұлы қайраткердің өмірі мен өткені жайлы толық баяндап, сол дәуірдің жай-күйін барынша айқын сездіруге тырысады.