menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Қошқар ата кесенесі

Қошқар ата кесенесі Шымкенттің қақ ортасымен ағып жатқан Қошқар ата өзенінің жағасында орналасқан.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шымкент

Қошқар ата кесенесі

Қошқар ата кесенесі Шымкенттің қақ ортасымен ағып жатқан Қошқар ата өзенінің жағасында орналасқан.

Қошқар ата туралы аңыздар аз емес. Негізгілерінің бірі Түркістан қаласы мен өзеннің пайда болуымен байланысты. Оған сәйкес, Қошқар ата атақты сопы Қожа Ахмет Ясауидың шәкірті болған екен. Бір кезде Қошқар ата ағасынан Ахмет Ясауиге арнап бұлақ суын жеткізуді, Түркістанға барар жолда артына бұрылып қарамауды өтінеді. Ағасы бұрылғаны сол еді, су төгіледі де қалады. Осы оқиға болған жерде көптеген бұлақтар пайда болып, суы мол өзенге айналған екен.

Басқа бір аңыз бойынша, Қошқар атаның жолында шөлден әбден қысылған керуеншілер жолығады. Олар қариядан суы бар құдықтың қайда екенін сұрайды. Көпті көрген қария үлкен үш тасты нұсқап, астында бұлақ ағып жатқанын айтқан. Алыс жолдан әлі қалмаған жолаушыларға бұл тастар алынбас қамалдай болып көрінеді. Дегенмен, тырысып көріп еді, істері оңынан болып, жолаушылар шөлдерін қандырады. Ал көзі ашылған бұлақ суы сыңғырлаған өзенге айналады.

Бұл суы мөлдір әрі салқын өзен Шымкенттің көрнекі орнына айналды. Ал қария өмірден қайтқаннан кейін қайнар көз маңынан кесене тұрғызылды. Өзенмен қоса кесене де киелі орынға айналды.

Шырақшылар келушілердің өзенге түспеуін арнайы бақылайды. Бұл жерде тек суды ыдысқа құйып алуға және бетті жууға рұқсат етілген.

Қошқар ата құрметіне салынған алғашқы кесене екі мұнара түрінде әспеттелген. Бірақ 1960 жылдары Шымкентте өзен басталатын вокзал маңында құрылыс қыза басталды. Зәулім ғимараттар кесенеге баратын жолды бұғаттады. Қошқар ата аруағын ендігіде мазаламас ниетте, кесене басқа жаққа көшірілді. Бейіт әлі де Қошқар ата өзенінің сол жағалауында орналасқан, алайда көне Шымкент қалашығы мен Ордабасы алаңындағы мешітке жақын жерге орын ауыстырылды. Осылайша, үйлесімді тарихи ансамбль пайда болды. Кесененің кейінгі құрылысы қарапайым көрінсе де, зияратшылар саны еш азайған емес.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Кесене Шымкент қаласының орталығында, Қошқар ата өзенінің жоғарғы ағысында, Қабанбай батыр даңғылында орналасқан. Алдымен Ордабасы алаңына жетіп алу қажет, бұл ешқандай қиындық тудырмайды. Қала орталығынан және оның ықшам аудандарынан жүретін көптеген бағыттар бір жағынан көне Шымкент қалашығымен, екінші жағынан елдегі ең ірі Шығыс базарымен (Орталық базар) шектесетін алаң арқылы өтеді. Әрі қарай кесенеге дейін өзенді бойлай жаяу жүру қажет.

Тамақтану және орналасу

Кесене қала орталығында орналасқандықтан кез келген турист қала қонақүйлерінің біріне түней алады. Мұнда талғам мен қаражатқа сай көптеген түрін табуға болады. Мысалы Ордабасы алаңында жайлы аттас қонақ үй бар. Қонақ үйден алысқа ұзамай, түрлі ұлттың тағамдарын ұсынатын дәмханалар өте көп. Бұл жаққа жол түссе Шымкент кәуабы немесе ташкент палауының дәмін көруді ұсынамыз.