menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Жасыбай көлі

Жасыбай – Баянауыл ұлттық саябағы аумағындағы ірі көлердің бірі.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Павлодар облысы

Жасыбай көлі

Жасыбай – Баянауыл ұлттық саябағы аумағындағы ірі көлердің бірі.

Жасыбай көлі Павлодар облысындағыБаянауыл елді мекенінде орналасқан. Ертеректе Шойынкөл аталған айдын қазірде 1752 жылы қос көлдің арасындағы асуда елі үшін жанын пида еткен Жасыбай батырдың құрметіне аталған.

Жасыбай – Баянауыл ұлттық саябағыныңаумағындағы алты көлдің арасындағы ең үлкені. Ұзындығы 4 шақырым, ені екі шақырым болатын ауданды алып жатқан көлдің тереңдігі 15 метрге дейін жетеді. Айнала қоршаған әсем көріністер мен тап-таза суын аз көрсеңіздер, көл түбіндегі балшықтың емдік қасиетке ие екендігі де дәлелденгенін алған тарта аламыз.

Таудың қоршауында, орманның құшағында жасырылған Жасыбайдың жағасында туристке қажеттінің барлығы бар: құмды жағажай, шезлонгтар, қайық-катамаран жалға берілетін орындар, шағын кафелер мен тіскебасар алуға болатын дүңгіршектер.

Оған қоса Жасыбай жағасына жақында понтон көпірін салған. Қайталанбас сурет іздесеңіз, осы жақтан табасыз. Көпірде тұрып, көлдің ортасына көз салсаңыз, құсұшар биіктіктен жүрек пішінді екені анық байқалатын «Махаббат аралын» көресіз. Талай аңызға арқау болған арал Жасыбайдың рәмізіне айналып үлгерген.

Жартастарға өрмелеп, ат үстінде тау-тасты аралаймын десеңіз – таулар тиіп тұр. Саңырауқұлақ жинап, жидек теремін десеңіз – орман да жап-жақын. Бір сөзбен айтқанда, келген мейманына Баянауылдың берері мол!

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Баянауылға ең жақын жатқан қала – 100 шақырым қашықтағы Екібастұз. Екібастұзға қарай жүретін транзиттік пойыздар көп. Қалаға жетіп алсаңыз болғаны, сапаржайдан автобус немесе таксимен Баянауылдың өзіне де жете аласыз. Автобустар күнделікті қатынайды.

Ұшып келмек болсаңыз, Павлодар немесе Қарағанды әуежайына қонуыңыз керек. Ол жақтан да Баянауылға автобуспен, таксимен жетуіңізге болады. Тек жолым ұзаққа созылып кетеді демесеңіз: Павлодардан 230 шақырым, Қарағандыдан 260 шақырым.

Тамақтану және орналасу

Табиғи саябақ аумағында қонақүйлер мен демалыс орындары жетерлік. Туристер арасында ағаш діңінен жасалған үйлерге деген сұраныс жоғары. Әдетте орналасқан жерде тамақтануға болады. Жылдың жылы мезгілдерінде кафелер мен дүкендердің барлығы дерлік ашық.