Мешіт
Шымкент орталық мешіті – Ақмешіт
Шымкенттің орталық мешіті – Ақмешіт – Түркістан облысындағы ең ірі ислам ордасы болып табылады.
Шымкент орталық мешіті – Ақмешіт
Шымкенттің орталық мешіті – Ақмешіт – Түркістан облысындағы ең ірі ислам ордасы болып табылады.
ШырайлыШымкенттегікүмбезі көкпен табысқан Ақмешіт Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Біріккен Араб Әмірліктері шейхы Халиф ибн Заид Аль Нахайян арасындағы келісім аясында бой көтерді.
2013 жылы ел игілігіне тапсырылғаннан кейін аталмыш ислам ордасы ресми түрде қаланың Орталық мешітіне айналды. Шымкенттің ең үлкен «Бекжан» базары да осы жақта орналасқан. Соған орай ел арасында Ақмешітті «Бекжан» базар жақтағы мешіт» деп те таниды. Базар мен мешіт неге іргелес орналасқан десеңіз, айтайық: атам замандарда шаһардың халық ең көп жиналар ошақтары ретінде базарлар мен мешіттерді бір-бірініне жақын болатындай етіп салған екен. Сондықтан жаңа мешіттің орналасуында да өзіндік мән бар.
Сонымен қатар, Орталық мешіт қала орталығынан алыс емес, ең батыс шетінде, мегаполистен шығатын жерде орналасқан. Оны әуежайға апаратын тасжолмен келе жатып та көруге болады.
Ақмешітте бір уақытта 8000 адам намаз оқи алады. Мешіт ауданы, оған іргелес жатқан жер телімдерін қоса алғанда, 2,69 гектарды құрайды. Ғимараттың аумағы – 8,5 мың шаршы метр. Бұдан бөлек мешіт кешеніне: дәретхана, имам үйі, үлкен және кіші намаз залы, кітапхана, қазандық, асхана, екі көлік тұрағы кіреді.
Мешіттің қасбеті, оның айналасындағы қақпа, барлығы Жаратушының есімін атайтын Араб тоқуымен безендірілген. Намаз оқуға арналған ең үлкен, басты зал кең киіз үй түрінде салынып, еденіне көркем шығыс мәнерінде тоқылған кілем жайылған. Мешіттің барлық негізгі кіреберістері мүгедек арбасына арналған заманауи ыңғайлы пандустармен жабдықталған.
Мешіттің екі жағынан автотұрақтар жабдықтарған. Ғимараттың ауласы көгалдандырылып, абаттандырылған. Келушілер демалып, ыстықтан сая таба алатын көлеңкелі күркелер орнатылған.
Мешіттің алдында кәдесыйлар, діни әдебиеттер мен діни-ғұрыптық керек-жарақтар сатылатын шағын дүкен бар.
2021–2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер
Қалай жетуге болады?
Ақмешіт Шымкентке кіребісте, Темірлан тасжолының бойында бой түзеп тұр. Аппақ салтанатты құрылысты алыстан байқайсыз. Тіпті болмай жатса, «Бекжан» базарға бағыт алыңыз. Бұл жақтағы аялдамалардың барлығы дерлік автобус бағдарларын түйіндеп тұр.
Орналасу және тамақтану
Мешіттің ішінде өз асханасы бар. Оған қоса «Бекжан» базарының маңында да тамақтануға болатын кафелер көп. Мұнда сіз Шымкент шаһардың тіл үйірер тағамдарынан дәм татып, әйгілі кәуәбын жеп көре аласыз.
Орналасу бойынша да Шым қалада қиындық туындамасы анық. Еуропа мен Қытайды байланыстырып тұрған халықаралық Темірлан тасжолының бойында да қонақүйлер баршылық.