menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ежелгі қала

Көне Шымкент қалашығы

Көне Шымкент қалашығы

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шымкент

Көне Шымкент қалашығы

Көне Шымкент қалашығы

Көне Шымкент қаласы әуелден археологтар, тарихшылар, журналистер мен жазушылардың ғана емес, саяхатшылардың да назарына іліккен. Жақын уақытқа дейін қалашық «ескі қала» маңындағы төбешік қана болып келді. Алайда 2000 жылдардың басындағы қазба жұмыстарының нәтижелері шаһардың 2200 жылдан астам тарихы бар екенін көрсеткен. Сол кезден бастап жан-жақты зерттеулер, қазба және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Көптеген құрылыстар ежелден сақталған сызбалар мен суреттер арқылы қайта тұрғызылды. Бүгінде зерттеу жұмыстары жалғасып жатқандықтан, туристердің археологиялық жұмыстарға ат салысуға немесе көрермен ретінде тамашалауға мүмкіндігі бар.

Негізінен қамал өзінің ежелгі қалпында қайта салынды. «Үміт баспалдағы», «Махаббат қамалы», хауыз, «Алхимиктер қамалы», шолу алаңдары, тамақ даярлауға арналған ежелгі пештер және басқа да қызықты нысандар туристер үшін қолжетімді.

Қамалдар сақталып қалған жердің ауданы 40*50 метрді қамтиды, ал биіктігі 25 метрге жетеді. Шахристанның мәдени қабатының тереңдігі шамамен 2-6 метр. Сыртқы қорғаныс қабырғалары 1,5-2 метр биіктіктегі мұнара қалдықтары түрінде сақталған.

Мұнда ғимараттардың бастапқы жобасы, қорғаныс жүйесі мен мұнаралар сақталған және жартылай жаңғыртылған. Шахристанның оңтүстік-батыс бөлігінде XVI-XVII ғасырлардағы үйлер мен көшелері бар тұрғынжайлар туристер назарына ұсынылады. Үй ішін, тіпті еденді де жылытуға қауқарлы пештің қабырғасында пісетін тандыр нан да бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Тұрғын кварталдары айналасында «Түйе керуені» мүсіндік композициясы көрінетін керуен сарай іске қосылған. Мұндай экспозиция осы ежелгі қала арқылы өткен Ұлы Жібек Жолының толыққанды визуалды көрінісін құрастыруға мүмкіндік береді.

Рестовраторлар ежелгі қала орнында хауызды қалпына келтіре алған. Қала жау қоршауында қалған кезде су қорының болуы үшін мұндай тоғандар барлық қамалдарда болған. Хауызға су Қошқар ата өзенінен арық салу арқылы жиналды. Бұл өзен бүгінде Шымкентке салқындық беріп, көріктендіріп тұр. Кезінде жаудан қорған болған «Махаббат мұнарасы» көпті таң тамаша етуде. Ол жерден «Үміт баспалдағымен» жер асты жолына және үңгірге түсуге болады. Бүгінде туристер бұл жолды өту барысында тарих беттеріне шолу жасай алады. Шынайы әлемге оралуға Шымкент қаласы толықтай көрінетін қарау алаңына шығу көмектеседі.

Көрікті жерлерді аралап жүріп, суретке түсуді қалыс қалдыруға болмайды. Бұл жерде жазылушыларыңыздың жүздеген, мыңдаған «Like-ына» лайықты ерекше суреттер жасауға болады.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Қалашықты табу оңай. Көптеген маршруттардың бірімен Ордабасы алаңына жету қажет. Алаңнан жоғары қарасаңыз шолу алаңы мен желбіреген көк туы көрінетін биік төбені байқауға болады. Автобус аялдамасындағы баспалдақ ежелгі әлемнің сырлы есігін ашады. Алайда ол әлемді гидпен зерттеу қызығырақ. Тәжірибелі экскурсовод мамандарды сапарыңызға серік қылар жергілікті турфирмалар да аз емес. Тарихқа терең бойламақ болсаңыз, Түркістан тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінің қызметіне жүгінсеңіз болады.

Орналасу және тамақтану

Қамал Шымкент қаласының орталығында орналасқандықтан, тамақтанар орынды іздеуге де уақыт жұмсамайсыз. Кафелер мен мейрамханалар өте көп. Жергілікті дәмханалардан міндетті түрде Шымкент кәуабының дәмін татыңыз! Бұл жерде оны керемет дайындайды. Сондай-ақ осы тағамдармен керемет үйлесім табатын, қызанақ пен чили бұрышынан жасалған ачу-чук салаты мен ыстық, хош иісті тандыр нанға тапсырыс беріңіз.

Шымкентте қызметтің түрлі деңгейін ұсынатын қонақ үйлер мен хостелдердің бірін таңдауға болады. Мысалға, қалашыққа жақын жерде 70-ші жылдарда Владимир Высоцкийдің өзі жайғасқан «Ордабасы» қонақ үйі бар. Бұл жайтқа қатысты мемориалды тақта да орнатылған.