yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ежелгі қала

Көшпенділер қалашығы

Көшпенділер қалашығына барған әр саяхатшы өзін ұлы даланың мұрагері сезінері анық

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Алматы облысында ортағасырлық қамалдың шағын көшірмесі ретінде бой көтерген Көшпенділер қалашығына барған әр саяхатшы өзін ұлы даланың мұрагері сезінері анық

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Көшпенділер қалашығы

Көшпенділер қалашығына барған әр саяхатшы өзін ұлы даланың мұрагері сезінері анық

Алматы облысындағы Көшпенділер қамалы 2005 жылы «Көшпенділер» фильмінің түсіріліміне орай тұрғызылған болатын. Қазақ-француз киноиндустриясының ортақ туындысы болған фильм Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабына негізделген. Фильм режиссеры ретінде үлкен-Сергей Бодров бой көрсетті.

Ортағасырлық сипаттағы шағын шаһар Іле өзенінің онсыз да әсем аңғарына ерекше тарихи сарын сыйлады. Жетісудың күретамыры саналатын Іленің бойындағы шұрайлы аймақ атам заманнан көшпенділер орныққан киелі мекен болғандықтан, бабалар ізі қалған шежірелі жерде фильм түсірудің мән-жайы айтпаса да түсінікті.

Құрылыстың шынайылығы сонша, алыстан бой түзеген алып қамалмен бірге көз көргеннің алдына өткеннің өрнегі мұнарлана бастайды.

Тәжірибелі гидтер бұл жердің тарихын баяндауды туристік нысанның кіреберісінен-ақ бастап кетеді. Қамалдың қашан салынғанын білмесе, алғаш көргенде оны Ұлы Жібек жолының бойында тізілген көп керуен-сарайдың бірі екен деп, таң-тамаша қалуға болады. Сонау мұнаралардан күзетшілер тауға қарап, тосқауылдан шабуыл жасар жаудың алдын тосып тұрғандай. Тауладың арасында қырағы дабылшылар жасырылып, қала тұрғындарының тыныш тіршілігіне қорған болып жүр. Олар жаққан шамдардың санына қарап, қала күзетшілері келе жатқан қарулы жауынгерлер ме, әлде бейбіт саудагерлер ме, соны бақылап отыр. Егер көшпелілердің бірқалыпты тыныс-тіршілігіне қауіп төнсе, қақпалар жабылып, керуен-сарай қазір-ақ бекініске айналады. Көшпенділер қалашыға келіп-кеткеніңізше өз ой-қиялыңызда-ақ бір тарихи фильм түсіріп шығасыз. Көріністер соншалықты әсерлі!

…Қамалдың үш жағы ғана қабырғамен қоршалған. Неге десеңіз, қойылым үшін керекті құрылысқа сол да жеткілікті болатын. Оның есесіне, жасанды шаһардың ішіне кірсеңіз, көне дәуірге қадам басқандай боласыз. Саманды үйлер, қараңғы зындан, терең құдық, барлығы да ортағасырлық сипатта жасалған.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Көшпенділер қалашығына кіру – ақылы, адам басына 1000 теңге. Келушілердің қалауы мен сұранысына қарай аумақ шырақшысы экскурсия өткізіп бере алады.

Қалай жетуге болады?

Көшпенділер қалашығы Алматы қаласынан 90 шақырым қашықта орналасқан. Ол жаққа туристік фирмалар ұйымдастыратын экскурсия құрамында, болмаса өз автокөлігіңізбен жетуге болады. Соңғысының жол талғамайтын болғаны дұрыс. Алматыдан А3 тасжолының бойымен Қапшағай қаласына қарай бағыт алуыңыз керек. Қаладан шыққан соң, Қапшағай тасжолымен екінші орамға дейін жетіп, сол жерден солға, Қазақстан елді мекеніне (Алматының шегінен орамға дейін 64 шақырым) қарай жүреміз. Әрі қарай «Көшпенді» тақтайшасына дейін 22 шақырым қалады. Тақтайшаға жеткен бетте оңға бұрылып, тегістелген жолмен тағы 8 шақырым жолды еңсеру керек.

Орналасу және тамақтану

Қажетті азық-түлік пен сусындарды Алматы не Қапшағай қалаларынан сатып алып, алдын ала қамдап қойыңыз. Көшпенділер қалашығына жақын маңда ешқандай елді мекен болмағандықтан, жол бойы өзіңіздің бар қажеттілігіңізді өзіңіз қамтамасыз ете алатындай дайын болуыңыз керек. Қонуға аталған қалалардың біріне қайтіп, қонақүйге орналаса аласыз, болмаса Іленің жағалауында шатыр тігіп, табиғат аясында тынығуыңызға болады.