Time to visit
1 күн
Visit cost
Location
Ақмола облысы
Оқжетпес және Жұмбақтас жартастары
Оқжетпес және Жұмбақтас - Бурабайдың қос жауһары болып саналады.
Бурабайға жол тартқан әр турист осынау құтты өлкенің құпияға толы тылсым тау-тасын көруге асығады. Оқжетпес пен Жұмбақтас сол асықтықтың басты себепкерлері. Қыр-сыры атауларынан байқалған қос жартастың қалыптасу тарихы аңыздармен сабақтасып, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып қалуда. Аталған аңыздардың тарих тұңғиығынан келген нұсқаларымен экскурсиялық жорықтар барысында танысатын боласыз. Туристердің басым бөлігі Жұмбақтасқа қарағанда көз алдарына түрлі бейнелер: ұйқыдағы піл, мысырлық сфинкс, тіпті бойжеткен арудың сұлбасы келетінін атап өтеді.
Бұл жерде бой жазып Оқжетпестің шыңына шығамын десеңіз де, ой толғап көл жағасында тынықсаңыз да, аңыз-ертегілермен сусындап қиял-ғажайып әлемге жол тартсаңыз да өз еркіңіз! Күш-қуатыңызды белсенді демалысқа жұмсап, велосеруендер мен жаяу жорықтар өткізіп, жартасқа өрмелеп, шынығып қайтсаңыз да болады. Қалай болғанда да қос жартастың арасында жаныңызға жақын іс табарыңыз анық.