menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі – Кіші жүздің тұңғыш ханы Әбілқайырдың жарына арналып салынған ХV ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан облысы

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі – Кіші жүздің тұңғыш ханы Әбілқайырдың жарына арналып салынған ХV ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Ортағасырлық ескерткіш Түркістан облысындағы «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының аумағында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 60 метр қашықтықта орналасқан. Рабиға Сұлтан Бегім (өмір сүрген кезеңі, шамамен, 1430-1485 жж.) – Ұлықбек сұлтанның қызы, Әбілқайыр ханның 1451 жылы үйленген жұбайы, Көшкінші және Сүйініш хандардың анасы. Әбілқайыр хан дүниеден озғаннан кейін Рабиға 17 жыл бойы Түркістанда өмір сүріп, 1485 жылы қайтыс болған. Кесенені бегімнің қос ұлы салғызған.

Өкінішке орай, ескерткіш біздің заманымызға қираған қалпында жетті. Бастапқыда бұл цилиндр тәріздес барабанға орнатылған күмбезбен жабылған, сегізқырлы, бір бөлмелі құрылыс болған. Кейіннен шаршы пішінде, көп бөлмелі етіп қайта тұрғызылды. Кесене 5 бөліктен тұрады: сегізқырлы зал, екі шаршы және екі тіктөртбұрыш қалыптағы бөлмелер. Ағаш табыт қойылған сағана кесененің оңтүстік-шығыс жағына орналастырылған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көшірілген құлпытастардың қатарында Рабиға Сұлтан Бегімге арналып соғылғаны да бар. Таста қашалған жазуға сүйенсек, ол жер – құдіретті Көреген Әмір Темірдің ұлы болған, азапты ажалдан қаза тапқан ұлы сұлтан Көреген Ұлықбектің қызы – тегі асыл, жаны ізгі Рабиға Сұлтан Бегім тыныштық тапқан орын, және оның өткінші жалғаннан мәңгілік мекенге аттануы Хижра дәуіріндегі 890 жылдың (демек 1485 жыл) айларының біріне түскен.

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі – Түркістандағы қорым кешенінің бастапқы құрылу кезеңін айғақтайтын сәулет ескерткіші ретінде аса жоғары бағаланады.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Бүгінде Қазақстанның ірі қалаларынан Түркістанға жетудің екі нұсқасы бар: теміржолмен немесе автокөлікпен. Сонымен қатар 2020 жылы Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежай пайдалануға берілмек. Саяхатыңызды өздігіңізден ұйымдастырсаңыз да, туристік фирмалардың қызметіне жүгінсеңіз де алар әсерлеріңіз ортаймайды. Тек соңғысының бір артықшылығы бар – дайын экскурсияға қатысар болсаңыз, Түркістандағы ғана емес, сонымен қатар қала маңындағы көрнекті орындармен де кешенді түрде танысуға мүмкіндік аласыз.

Ал Түркістанға өз жолыңызбен келген болсаңыз, такси немесе қала ішінде қатынайтын автобустың біріне мініп, «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығына жетіп алыңыз. Сізге керегі: «Тельман» аялдамасы.

Орналасу және тамақтану

Нысан Түркістан қаласының аумағында орналасқандықтан, орналасу мен тамақтануға қатысты мәселе болмайды. Қалада әр саяхатшы өз талғамы мен талабына сай қонақ үйді де, дәмхананы да оңайлықпен таңдай алады.