yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары тізіміне алғашқылардың бірі болып енгізілген. Көне түркі дәуірінен бастау алып, аңызға айналған бұл махаббат оқиғасы толассыз ғасырлар сынынан өтіп, халық жадында мәңгіге сақталмақ.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары тізіміне алғашқылардың бірі болып енгізілген. Көне түркі дәуірінен бастау алып, аңызға айналған бұл махаббат оқиғасы толассыз ғасырлар сынынан өтіп, халық жадында мәңгіге сақталмақ.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры ұлттық ауыз әдебиетіміздің баға жетпес жауһары болып табылады. Ұлы даланы тербеген махаббат дастанының қазақ тіліндегі 20-ға жуық нұсқасы белгілі. Одан бөлек, татар, башқұрт, ұйғыр тілдеріндегі нұсқалары да сақталған. 1865 жылы М. Путинцевтің мұрындық болуымен, жыр орыс тіліне аударылып, баспадан жарық көрді. Байқағанымыздай, қазақ сахарасында дүниеге келген шексіз сезім көрші халықтардың да жүрек қылын шертіп, естіп-білгеннің ешбірін бейжай қалдырмаған.

Мәңгілік махаббаттың ескерткішіндей болған мазар Шығыс Қазақстан облысы, Таңсық (Тарлаулы) ауылына таяу маңда, Аягөз өзенінің жоғарғы бөлігінде бой көтерген. Таңсық теміржол бекетіне ең жақын орналасқан қала – Аягөз. Аралығы шамамен 100 шақырымды құрайды.

VIII-X ғасырлармен белгіленген төрт қырлы мазар төбесіне қарай шеңберлене тарылатын жалпақ тастардан қаланған. Биіктігі 12 метр. Ішкі бөлігінде Қозы мен Баянның қос сағанасы орнатылған. Бірнеше қайтара жөнделіп, қалпына келтірілген мазар талай өзгеріп, түрленгені анық. 1856 жылы осы өңірде жүріп өткен ұлы жиһанкез Шоқан Уәлиханов мазардың кескінін қағазға түсіргендігі белгілі. Шоқанның сызбаларында мазарға жақын тұрған тас мүсіндер бейнеленген. Халық арасында тараған аңызға сенсек, бұл Қозы Көрпеш, Баян сұлу және Баянның сіңілілері Ай мен Таңсықтың мүсіндері болатын.

Уақыт – ұлы сыншы. Оның сынақтарына тас ескерткіш шыдамауы мүмкін. Десек те, ұлттың жаны мен жадында орын тапқан ескерткіштердің орны тым бөлек. Олар уақыттың әміріне бағынбайтындай. Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты осыған айқын мысал. Қатыгез тағдырдың жазуымен бірге бола алмаған қос ғашықтың мөлдір сезімінде қазіргінің жастарына үлгі-өнеге боларлық тағылым жасырылған. Сол тағылымды танып, дала тарихына тағзым етуге талпынған жолаушылар саны жыл сайын артпаса, кемімесі анық.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарына жету үшін Аягөз қаласынан Қарағанды тас жолымен Бозой ауылына дейін 100 шақырым, ары қарай Таңсық ауылына жетіп, Таңсықтан мазарға дейін 3,5 шақырым жүріп өту керек. Ең дұрысы, таң атысымен жеңіл автокөлікпен Аягөзден жолға шығып, кешқұрым қалаға қайтып оралу. 2013 жылы қаладағы орталық алаңның маңында қос ғашықтың құрметіне аталған саябақ салынған. Саябақтың нақ ортасында Қозы мен Баянның әсем ескерткіші орнатылған. Бұл орын отау құруға ниетті жастардың түсінігінде ерекше мән-маңызға ие.

Орналасу және тамақтану

Таңсық ауылында кішігірім дүкендер болғанымен, қонақ үйлер, дәмханалар мен жанармай құю бекеттері жоқ. Не Аягөзге қайту керек, не шатыр құрып, сонда қонуға тура келеді.