yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Үстірт

Ақкегершін борлы үстірті

Атыраудың ұшы-қиыры жоқ дархан атырабының «асыл алқасы», әсем әшекейі – Ақкегершін үстірті. Жазық даланың төрінде жайғасқан борлы құздар көрген көзді алыстан-ақ сұлулығымен баурап алады.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Атырау облысы

Ақкегершін борлы үстірті

Атыраудың ұшы-қиыры жоқ дархан атырабының «асыл алқасы», әсем әшекейі – Ақкегершін үстірті. Жазық даланың төрінде жайғасқан борлы құздар көрген көзді алыстан-ақ сұлулығымен баурап алады.

Үстірт Атырау және Ақтөбе облыстарының шектескен жерінде, облыс орталығы Атырау қаласынан шамамен 245 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ақкегершінге жетер жолда қазақтың кең жазирасының бар тылсым кереметіне куә боласыз! Жолыңыз ұзарған сайын сұр қоңыр алқаптар боз реңдерге боялып, ақ жарларға ұласқанын байқайсыз. Бұл көріністер таңғажайып өңіңіз бе, әлде тым шынайы түсіңіз бе? Ол жағын түсіну біраз қиынға соғуы да мүмкін.

Түрлі қалып пен пішін қабылдаған борлы тау жұрнақтарына қай тұстан көз салсаңыз да, мұндағы табиғаттың қайталанбас болмысын аңғарасыз. Қалай десек те, айналаңызды толық зерттеп, біліп аларлықтай уақытыңыз болған жөн. Үстірттегі ең танымал жұрнақ тау «Үш ағайын» аталып кеткен. Саяхатшылардың фототоптамаларындағы Ақкегершінді дәл осы «Үш ағайынның» аясында түсірілген суреттерден тануға болады. Қалған тау мен тас, жар мен құздарға жаныңыз қалаған атау бере аласыз. Тек келесі келгеніңізде, ой-қиялыңыздың ұшқырлығы қайта сарапқа салынатынын ескеріңіз. Себебі, «Ауа райы» деген мүсінші сіз атау берген туындыларды танымастай өзгертіп, түрлендіруі ғажап емес. Бүгін «Тасбақадай» көрінген тау, жылдар өтіп «Айдаһарға» айналып кетуі ықтимал.

Ақкегершінге құрғақ күнде келсеңіз, барар жер, басар тауыңыз тығыз әрі қатты болады. Демек, құздарға оңайлықпен өрмелеп, тау жыныстарының қалыбына да еш нұқсан келтірмейсіз. Жаңбырлы күні әр қадамыңызды аңдап басып, сақ болыңыз! Біріншіден, өз қауіпсіздігіңіз үшін. Екіншіден, күтпеген жерден ежелгі жәндіктердің қабыршақтары мен алып акулалардың азуы кездесіп қалса, жолыңыздағы «олжаңызды» елемей кетпес үшін. Еліміздегі мыңжылдықтар сұхбат құратын мекеннің құпиясы біз ойлағаннан да көп.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Ақкегершін үстіртіртіне арнайы автоэкспедицияларға немесе туристік фирмалардың ұйымдастыруымен өтетін 2-3 күндік экскурсияларға қатысу арқылы жетуге болады. Ең оңтайлы бағдар Атырау-Ақтау тас жолы бойымен өтеді. Мұнда Жылыой ауданының орталығы болып табылатын Құлсары қаласында аялдама жасап, жанармай, азық-түлік және су қорларын толықтырып, сапарыңызды ары қарай жалғастыра аласыз. Құлсарыдан 100 шақырымдай жолды еңсеріп, аңсаған Ақкегершінге де жетесіз! Оған қоса, саяхатыңыздың барысында осы аймақтағы басқа да табиғи және тарихи нысандарды аралап, атыраулық бағдарламаңызды кеңейтер болсаңыз, тіпті жақсы. Мысалы, бұл жерден солтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым жол жүріп өтсеңіз, талайды тамсандырған Ақтолағай үстіртіне де жетесіз.

Орналасу және тамақтану

Шатыр құрып, иен далада қонуды қаламасаңыз, Құлсарыда қонақ үй бар екенін біле жүріңіз.