yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мұражай / Этно-мемориалды кешен

ҚР ШҚО этнографиялық мұражай-қорығы

Қонақтарын алғашқы қадамынан-ақ қызығы мен кереметі құбылған әлемге аттандыратын бұл мекенде: этноауыл, хайуанаттар бағы, түрлі қалып пен сарындағы бақтар және басқа да көңілді көтеріп, танымды кеңейтер дүние өте көп.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

ҚР ШҚО этнографиялық мұражай-қорығы

Қонақтарын алғашқы қадамынан-ақ қызығы мен кереметі құбылған әлемге аттандыратын бұл мекенде: этноауыл, хайуанаттар бағы, түрлі қалып пен сарындағы бақтар және басқа да көңілді көтеріп, танымды кеңейтер дүние өте көп.

Облыс әкімдігі қарауындағы ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы» (www.vkoem.kz) аясына Өскемен қаласындағы мәдени ескерткіштердің басым көпшілігі біріктірілген.

Мұражай-қорық қала аумағындағы бірқатар нысанды біріктіріп тұр. Осынау кешеннің құрамына кіретін ғимараттардың әрқайсысында белгілі бір тақырып желісінде өрбіген жекелеген экспозициялар қойылған. Бұл қатарда «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» экспозициясын, «Алтайдың асыл тастары» тұрақты көрмесін ерекше атап өтуге болады. Оған қоса, келушілерге мультимедиялық кинотеатр мен компьютерлік залдан тұратын «Ауани мұражай» ақпараттық-білім беру орталығы қызмет көрсетеді.

«Жастар» этносаябағы аумағындағы мұражай-қорықтың ашық аспан астындағы экспозициясы асыға күткен келушілерін мамыр айынан бастап қарсы алады. Ұлттық сәулет өнерінің ең жарқын үлгілерін бейнелеп, дәстүрлі тұрғынжай түрлерін назарға ұсынатын ауқымды көрме қазан айының соңына дейін жұмыс жасайды.

Солжағалық кешенде отбасылық демалыс пен достық кездесулер үшін барлық жағдай жасалған. Хайуанаттар бағы, этноауыл, алуан түрлі көрме алаңдары барлық қонақтарына жарқын әсерлерден «сарқыт» сыйлайды. Серуендеп жүріп, патша көңіліңіз әсем айдынның жағасында күннің шуағына шомылып, суға түсіп, бой сергітуді қалап жатса да «олжасыз» қайтпасыңыз анық! Мұның барлығын «Көгілдір көлдер» жағажайынан таба аласыз.

Қарт Ертіс пен қалың жасыл желектің арасында ыңғайлы саяжолдар салынған. Ой-санаңызға тыныштық сыйлар көріністер дәл осы жерде жасырылған. Жаяу жүру бағыттарының барлығында тынығу орындары: орындықтар мен күркелер орнатылып, шалғынды алаңқайлар қарастырылған. Жақын маңда балдырғандардың көз қуанышына айналар «Ертегілер елі» көрме-ойын кешені және «Қайық бекеті» жасақталған.

Мұнымен бірге, нағыз әскери техника қойылған бірегей экспозициялық алаң бар.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Мұражай-қорықтың барлық нысандары Өскемен қаласының аумағында орналасқандықтан, кез келгеніне қоғамдық көлікпен де, таксимен де еш қиындықсыз жетуге болады.

Орналасу және тамақтану

Өскеменде әр қонақтың талғамын тауып, талабын қанағаттандыра алатын қонақ үйлер мен мейрамханалар өте көп. Таңдау өзіңізде!