menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Тау / жартас

Баянжүрек таулары

Баянжүрек - Жетісу Алатауының бөктерінде орналасқан аласа қалдық таулар.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

3 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Баянжүрек таулары

Баянжүрек - Жетісу Алатауының бөктерінде орналасқан аласа қалдық таулар.

Баянжүрек - Жетісу Алатауының бөктерінде орналасқан аласа қалдық таулар.

Олардың ұзындығы 14 шақырым, ені 6 шақырым, абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 2079 метр. Баянжүрек бауырайынан Бүйен өзенінің салалары бастау алады. Бұл таулар "Баянжүрек" петроглифтік кешенімен көпке танымал.

Оңтүстік-батыс беткейдегі жартастар мен ірі тастарда жүздеген тасқа қашалып салынған суреттерді кездестіруге болады. Бұлардың оқиға желісі мен мәнері басқа жетісулық ескерткіштерден ерекшеленеді. Бейнелердің басым бөлігі қола дәуірінде тасқа түскен. Дегенмен, бірқатар ғалымдар энеолит дәуіріне (б.з. 3 мыңжылдығының соңы) сай суреттер топтамасы бар екенін мәлімдейді. 

Баянжүрек жартастарында салт атты ерлер, ат жарыс, жаяу мергендер, аңшылық көріністері, түрлі аңдар, сол кездегі адамдардың болмыс жайлы танымын бейнелейтін  грифон құстар сияқты қиял-ғажайып бейнелер қашалып салынған.

Баянжүрек петроглифтерінің басты өзгешелігі Түркі дәуіріне қатысты ортағасырлық суреттердің көптігімен сипатталады. Оған қоса, Ортағасырлардағы түркілердің этнографиясы мен мәдениеті туралы сыр шертетін руна жазуы да теңдессіз археологиялық олжа деп танылған.