menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Сарқырама

Бұрқан бұлақ сарқырамасы

Бұрқан бұлақ - Орталық Азиядағы ең биік, айналасы әсем сарқырама. Ол Жетісу Алатауындағы көркем де қуатты Қора өзенінің аңғарында орналасқан.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

3 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Бұрқан бұлақ сарқырамасы

Бұрқан бұлақ - Орталық Азиядағы ең биік, айналасы әсем сарқырама. Ол Жетісу Алатауындағы көркем де қуатты Қора өзенінің аңғарында орналасқан.

Бұрқан бұлақ - Орталық Азиядағы ең биік, айналасы әсем сарқырама. Ол Жетісу Алатауындағы көркем де қуатты Қора өзенінің аңғарында орналасқан. Төрт қиядан құлай аққан сарқыраманың жалпы биіктігі - 168 метр. Ал көз жететін төменгі үш қиясы - 114 метр. Сарқырама теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан.

Сарқырама орын тапқан Бұрқан бұлақ өзені Қаратаудан бастау алады. Өзеннің Қора шатқалындағы сағасы биік жартасты белбеумен ағып өтеді. Бұл белбеу өз кезегінде шатқалдың оң жақ бөктерін жиектейді. Сарқырама жартас арасында сумен қайралып қалған  тар науамен ағады. Төменгі жақта науамен аққан су ірі құз шоқысына соғылып, қуатты ағынмен табиғи су алабына құлап қосылады. Тіпті аптап ыстықтың өзінде сарқырама маңында жанға жайлы салқындық сезіледі. Баурайында жайқалған шыршалар мен азиялық аршаның хош иісі мұндағы ылғалды ауаға пайдалы қасиеттер сыйлап, сарқырама маңын табиғи шипажайға айналдырады.  Бүгінде осы кереметті аңғарған саяхатшылар саны көбейіп, Бұрқан бұлақтың танымалдылығы жыл сайын еселеп артуда.