yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Тау / жартас

Тамғалы тас шатқалы

Қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын - Тамғалы тас шатқалына жасаған сапарыңыз ұмытылмас әсерлерге толы болары күмәнсіз.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Тамғалы тас шатқалы

Қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын - Тамғалы тас шатқалына жасаған сапарыңыз ұмытылмас әсерлерге толы болары күмәнсіз.

Іле өзенінің бойында орналасқан Тамғалы тас шатқалы - тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алған бірегей орын. Мұнда шамамен ХІІ ғасырда белгісіз суретші тасқа қашап салған 5 будда құдайының бейнесін көруге болады. Қауіпсіз соқпақтармен жартастарға шығып, өзен аңғары мен шексіз жазықтарды тамашалауға болады. Іле бойында табылған суреттердің барлығы: киім-кешек, түстер, ым-ишаралар, бұйымдар, буддалық бейнелеу өнерінің тәртіп-ережелеріне толықтай сай келеді. Жартастың арғы бетінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу негізінде болған барлық ру-тайпалардың таңбалары салынған.

"Тамғалы тас" кешені - Қазақстандағы мәдениет, өнер және тарихтың маңызды ескерткіші болып табылады. Осынау киелі жерге жасар сапарыңыз ұмытылмас сәттер мен жарқын естеліктерге толы болары анық.

Одан бөлек, бұл өлке отбасылық демалыс үшін таптырмас орын ретінде танылған. Табиғат аясында серуендеп, Іле өзенінде балық аулап, жаз айларында суға шомылып, жақындарыңызбен керемет саяхат өткізуге болады.