yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Сарқырама

Қайрақ сарқырамасы

Қайрақ сарқырамасы Түрген шатқалының беткейлерін безендіріп тұрған жеті сарқыраманың ішіндегі ең көріктісі

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Қайрақ сарқырамасы

Қайрақ сарқырамасы Түрген шатқалының беткейлерін безендіріп тұрған жеті сарқыраманың ішіндегі ең көріктісі

Қайрақ сарқырамасы – тік жартастар мен қилы құздардың қоршауында, ну орманның құшағында орналасқан тылсым орын. Судың құлау биіктігі шамамен 55 метр. Сарқырамаға жол-жөнекей қалыңдығы 40 см-ге жететін мүк қабатының үстінде өсетін Шынтүрген мүкті шырша орманын кездестіресіз. Сарқыраманың өз атауына сай екендігін, оған жеткізер жолдан-ақ байқайсыз. Шынымен де, Қайрақты өзіне шатқал ішінен соқпақ қайрап алғандай көрінеді.

Сарқыраманың төменгі қиясының орта тұсына қарай шолу алаңы мен ағаш саты салынған. Саты әрқашан дымқыл күйде болатындықтан, келушілер үшін белгілі бір ыңғайсыздық тудырады.

Қайрақ сарқырамасы жайлы бейнебаян


2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Сарқырамаға алматылық туристік агенттіктер ұйымдастыратын экскурсия құрамында да, өз бетіңізбен де жете аласыз. Соңғысы жайлы біраз нұсқауымыз бар. Алдымен Талғар тасжолымен жүріп, Алматыдан 35 шақырым қашықта орналасқан Батан ауылына жетуіңіз керек. Осындағы тұрақта көлігіңізді қалдырып, ары қарай жолыңызды жаяу жалғастырасыз. Шамамен 500 метр артыңызда қалғанда көпір арқылы өзеннен өтіп, жоғары қарай көтеріле бересіз. Тағы 1 шақырым жүріп өткен соң, Түрген және Кіші Түрген өзендерінің арнасы түйіскен тұсына жетесіз. Сарқырамаға жеткізер бағытты «Водопад 8 км» тақтайшасына қарап, анықтауыңызға болады.

Бұл жерден оңға бұрылып, Бозгүл саласының Түрген өзеніне құяр жеріндегі алаңға бет алуыңыз қажет. Саланың оң жағасында ағаш көпір көзіңізге түсуі ықтимал. Дәл сол көпірден өтсеңіз, Қайрақтың өзіне де жетесіз. Сарқыраманы жақыннан көруді қаласаңыз, баспалдақпен екі шолу алаңының біріне көтерілуге кеңес береміз.

Орналасу және тамақтану

Көлік тұрағынан сарқырамаға дейінгі жол бойында тау бұлақтары жиі кездеседі. Сол себепті көп ауызсу алмасаңыз да, су құяр артық шөлмек ұмытпағаныңыз жөн. Ал азық-түлікті қаладан арқалап келуіңізге тура келеді. Жорық барысында тынығып, тамақтануға арналған ағаш күркелер жетерлік. Әрқайсысының үстел-орындықтары бар.

Туристік нысан Алматыдан аса алыс болмағандықтан, жорығыңыз аяқталғаннан кейін қалаға оралып, жайлы қонақүйге жайғасуыңызға болады. Ал табиғат аясынан алшақтауға асықпасаңыз, рұқсат етілген орындарда шатыр тігіп, демалысыңызды жалғастыра аласыз.