Үстірт
Асы үстірті
Ықылым заманнан жазғы жайлау болған берекелі мекен.
Асы үстірті
Ықылым заманнан жазғы жайлау болған берекелі мекен.
Асы үстірті Кіші Түрген өзенінен бастау алып, 60 шақырым жерге созылып жатыр. Үстірт 2800-3200 метр биіктік аралығында жатыр. Мұнда ерте темір дәуірінің қорған-қорымдары сақталған. Ықылым заманнан Асы үстірті жазғы маусымға жайлы жайлау, Еуропа мен Орта Азиядан Қытай мен Үндістанға апарар керуен жолдарының торабы болып қалыптасқан. Биіктаулы үстірт Асы өзенінің бойымен шығысқа қарай беттейді.
Оның жоғарғы жағында әлемдегі ең үлкен телескоптардың бірі қолданыс тапқан астрофизикалық обсерватория салынған.
Мұндағы көркем көріністерді келтірер төбелер, қилы қалыпта өскен ағаштар мен хош иісті гүлдер, жазира жазықта жайылып жүрген жылқы үйірлері, мүк басқан тастар, мөлдір сулы өзендер келген саяхатшыны тамсандырмай қоймасы анық.