Көл

Тұзкөл көлі

Көлдің тұздылығы маусымға қарай өзгеріп тұрады. Минералдану деңгейі бойынша Израильдегі Өлі теңіз бен АҚШ-тағы Үлкен тұзды көлмен теңесетін кездер де жиі болады.

Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы облысы

Тұзкөл көлі

Көлдің тұздылығы маусымға қарай өзгеріп тұрады. Минералдану деңгейі бойынша Израильдегі Өлі теңіз бен АҚШ-тағы Үлкен тұзды көлмен теңесетін кездер де жиі болады.

Көл 1959 метр биіктікте, солтүстігіндегі Елшін Бұйрық пен Қаратау және оңтүстігіндегі Жабыртау тауларының аралығындағы тұйық ағынсыз шұңғымада орналасқан. Аталған таулар Солтүстік Тянь-Шань жоталарының біріне кіреді. Көл жергілікті беткейлермен ағатын бұлақтардың суымен қоректенеді. Қайна-бұлақтардың көбінің минералдану деңгейі жоғары. Көл ағынсыз болғандықтан, өз қалпын булану нәтижесінде ғана сақтап тұр.

Тұзкөл жайлы бейнебаян


Тұзкөлдің жағалауы төмен әрі жазық. Сол себепті көлге құятын бұлақ арналарының бойында саз батпақтар қалыптасқан. Бұл батпақтар Алматыдағы емдік-сауықтыру орталықтарында бальнеологиялық балшықпен емдеу мақсатында қолданылады. Көл тереңдігі мардымсыз, бір метрден аспаса да, түбі сұйық сазды болғандықтан шомылуға ыңғайсыз. 

Көлдің басты кереметі - Орталық Тянь-Шань жоталары мен Қазақстанның ең биік шыңы - Хан-Тәңіріне ашылатын керемет көріністер болып табылады.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions