Мешіт

Әли-Мұхаммед мешіті

Ислам ғибадатханасының бейбіт атмосферасы ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды

Time left

Time to visit

1 сағат

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы

Әли-Мұхаммед мешіті

Ислам ғибадатханасының бейбіт атмосферасы ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды

Алматы қаласының Жетісу ауданында исламдық сәулет өнерінің бірегей туындысы - Әли-Мұхаммед мешіті бой түзеген. Ислам ордасында орнаған татулық пен тыныштық күйі ешбір келушіні бейжай қалдырмасы анық. Ал өз бейнесімен шығыс сәулетінің ең әсем қырларын айқындап тұрған  құрылыс әсемдігі әрбір көрген жанның шабытына қанат бітіретіндей. Мешітте мұсылман қауымы үшін аса маңызды еңбектер мен кітаптардың барлығы дерлік жинақталған. Ауласындағы көркем гүлзар, алма бағы, мүсінді субұрқақтар мешіттің сыртқы салтанатын арттырып тұр. Осындағы биік ағаштардың көлеңкесінде жайғасып, өзіңізбен іштей сұхбат құрып, рухани үйлесім таба аласыз.

on map

Tourist attractions