KazTourism
Сауда ойын-сауық кешені / Шығыс базар

Көк базар

Заманауи үлгідегі шығыс базары

Time left

Time to visit

1 сағат

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы

Көк базар

Заманауи үлгідегі шығыс базары

Зенков көшесіндегі Көк базар – аты күллі Алматыға белгілі нағыз туристтік орын. Жүз жылдан аса тарихы бар сауда нүктесі заманауи шығыс базары үлгісінде болса да, жергілікті боямасы кетпеген. Мұнда сіз азық-түлік, киім, жиһаз, құрылыс жабдықтарын таба аласыз, ал шаршап, ашықсаңыз  дәмді үй тағамдарын әзірлейтін асханалардан дәм тата аласыз. Көк базарда орнаған ерекше көңіл-күй мен алуандылықтың сан түрлі көріністері алматылықтар мен қала қонақтарын әр келген сайын таңдай қақтырып, қоржындарын тауарға ғана емес, оған қоса жарқын әсерлерге толтырып қайтарады. Бұл жерден Қазақстанның көп ұлттылығын тамашалап қайтуға болады: жайдары өзбек саудагерлері кептірілген жемістерін ұсынса, тәжіктер тәтті қауындар мен қарбыздардың дәмін татуға шақырып, «қазақстандық» кәрістер өздерінің дәстүрлі дәмдеуіштері қосылған салаттарымен қуантады. Бұл тізімді әлі де ұзақ жалғастыра беруге болады.

Алматының көк базары- қазақстандық сауда мәдениетінің өзіндік мұражайы іспеттес, бұл жерден сауда жасамай шығу өте қиын, тәтті-дәмдіге толған сөрелерге көргеннен-ақ көңіліңіз тоқ, уайымыңыз жоқ болмақ.

Add your photo

Choose one or more photo

on map