Мәдени және демалыс саябағы
«Көк Төбе» телемұнарасы
Көк Төбе тауында шоғырланған көпқабатты теледидарлық мұнара
«Көк Төбе» телемұнарасы
Көк Төбе тауында шоғырланған көпқабатты теледидарлық мұнара
Әлемдегі ең үлкен, кез-келген жер сілкінісіне төтеп бере алатын, төзімді көп қабатты телемұнара Көк Төбе тауында орналасқан. Телемұнарада мұражай немесе туристік шолу алаңы болмаса да, Алматы мен бүкіл Қазақстан үшін маңызы зор. Салтанатты демесек те, мұндай мықты құрылыс нысанын қаланың кез-келген нүктесінен байқауға болады. Телевизиялық мұнараның ішінде жоғары жылдамдықты жеделсатылар, ал жер асты бөлігінде бомбалаудан қорғануға болатын құрылыс жоспарланған.
Телемұнараның жанында, тау баурайында
аспалы арқан жолмен әсем Алматы қаласын 2 шақырым биіктіктен тамашалауға
болады. Мұнда хайуанаттар бағы, түрлі атракциондар, кафе және көркем алма бағы бар. Көк
Төбе телемұнарасының аумағы – жайлы демалыс, романтикалық кездесулер, жанұяңыз және достарыңызбен уақыт өткізу
үшін керемет орын.