Time to visit
4 сағат
Visit cost
2500
Location
Алматы
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Шаңғы спортына әуес , асқар тауларға асық әр адам Шымбұлақтың төрінде іздеген игілігін табары анық.
Для того чтобы оставить заявку на покупку данной услуги, вы должны быть авторизованы в системе
Саф ауамен тыныстап, көркем көріністерді тамашалап, Табиғат-Ананың аясында сарқылмас күш-қуатқа кенелгеннен асқан бақыт бар ма? Иә, егер сіз Шымбұлақта болсаңыз. Бұл тау-шаңғы курорты жоғарыда аталғанға қоса, тау шаңғысына керемет бейімделген бейкейлер мен әлемдік талаптарға сай спорт алаңдарын ұсынады.
Іле Алатауы шатқалында, қала орталығынан небәрі 30 минут қашықта орналасқан тау-шаңғы курорты қысы-жазы қала тұрғындары мен қонақтарын қуантар қызықтарға толы. Тек жолға шықпастан бұрын, мұндағы ауа температурасы қаладан 10 градусқа төмен болатынын ескеріп, жылы киінсеңіз болғаны.
Белсенді демалыс, әсем табиғат, ұмытылмас естеліктер мен жарқын сәттер сізді күтуде!
Add your photo
Choose one or more photo