menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мұражай / Этно-мемориалды кешен

"Нұр Әлем" болашақ энергиясы мұражайы

“EXPO-2017” мұрасы

Жататын уақыт

Жататын уақыт

3 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

500-1500

Орналасу орны

Орналасу орны

Астана

"Нұр Әлем" болашақ энергиясы мұражайы

“EXPO-2017” мұрасы

«EXPO-2017» көрмесінің тағы бір қайталанбас нысаны – еліміздегі болашақ энергияның тұңғыш технологиялық мұражайын ұсынатын «Нұр Әлем» сферасы. Шар пішіндес ғимарат "EXPO-2017" ашылмастан бұрын көпшіліктің назарына түсіп, мыңдаған адамның көрмеге келуге деген тілек-ынтасын оятқан болатын.

Мұражай сегіз қабаттан тұрады, олардың әрқайсысына жекелеген тұжырымдамалық идея тән: «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Ғарыш энергиясы», «Биомасса энергиясы», «Су энергиясы», «Кинетикалық энергия», «Ұлттық павильон» және «Болашақ Астана».  Келушілер мұражаймен танысуды жоғарғы қабаттан бастағаны жөн. Мұнда астанада жүзеге асырылатын алдағы жобалар ұсынылады.Оған қоса мұражай аумағында жиі-жиі түрлі презентациялар өткізіледі. Осылайша,  сіз «Ғарыш энергиясының» планетарийінде уақыт өткізе аласыз, ал балаларыңыз «Биомассалар энергиясы» қабатындағы тәжірибелерды қызықтап, қуанышқа бөленетіндеріне күмәніміз жоқ. «Нұр Әлем» ең заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген және ол баланы да, ересек адамды да немқұрайлы қалдырмайтын көптеген қызықты және танымдық дүниені қамтиды.